ҚазҰУ берер мүмкіндіктер

16.03.2020

Көрулер: 1973

Әдетте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері тәжірибесі мол өндірістік практикадан өтеді.Өндірістік практика Қиыр Шығыс елдерімен яғни Корея, Жапониямен тығыз байланыста болады. Жыл сайын жапонтану бөлімінің студенттері New&Rare resources компаниясында өндірістік практикадан өтеді.

     New&Rare resources компаниясы Алматыдағы дамушы шағын бизнестерінің негізі ретінде қалыптасып, 2012 жылы Бахаутдинова Гузеля Нураждиновнаның басқарылуымен жұмысын бастаған болатын. Негізгі мақсаты- Жапониямен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы, арадағы байланысты күшейту. Әртүрлі жапондық мекемелермен, оқыту орталықтарымен күнделікті жұмыс атқару бұл мекеменің жұмыс көзі болып табылады.

Жалпы, Қиыр Шығыс кафедрасының көптеген студенттері осы компаниядан белгілі бір дәрежеде тәжірибе алмасқан болатын. 2020 жылдың ақпан-наурыз айларында 1 ай көлемінде мен Қуатова Ханымай шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының 4 студенті өндірістік тәжірибеден өткен болатынмын. Көбіне аударма жұмыстарын жасау арқылы, сонымен қатар жапондық өкілдермен әртүрлі мекемелермен танысу арқылы жемісті, пайдасы зор практикадан өте алдым айта аламын. Негізінен, бұл компанияның берері көп, себебі әртүрлі тақырыптағы аудармаларды жасау оңай жұмыс емес. Жапон-ағылшын тіліндегі құжаттамаларды аудару арқылы көптеген жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар New&Rare resources компаниясының тәжірибе алмасушысы ретінде әртүрлі жиындарға қатысып, алғаш рет аудармалар жасадым. Бұл компаниямен тығыз байланыс жасау- ҚазҰУ студенттері үшін таптырмайтын мүмкіндік.