"Сұңқар" студенттер кәсіподағы

20.02.2020

Көрулер: 1829

         Айсаутова Айбану Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімінің 2 курс студенті, "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағының төрайымы. Шығыстану факультеті "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағы 7 категория бойынша, оның ішінде: көпбалалы, жартылай жетім, балалы студенттер, мүмкіндігі шектеулі, асқазан және қант диабетімен ауыратын студенттер, ата-анасы ажырасқан студенттер және толық жетім студенттерге көмек көрсетумен айналысады. Сонымен қатар, студенттерді ОҢАЙ жол карточкасымен қамтамасыздандырады. Мұндай міндеттерден бөлек кәсіподақ, Тілдер мерекесіне орай өткізілетін "Бауырсақ Party” сияқты іс-шаралар ұйымдастырып отырады. Жаңа 2020 жылдың келуіне орай да "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағы ата-анасынан айырылған студенттерге мереке кешін жасап, құттықтап сыйлық беріп қана қоймай, балалы студенттерді де қатардан тыс қалдырмады.

            Жуырда ауруға шалдыққан кішкентай бүлдіршіннің емі үшін де кәсіподақ өз күшін аямады. Интернет желісінде қаржы жинау үшін қор ашылып, Шығыстану факультетінің 1 қабат залында қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жиналған қор міндетті орынға аударылды.