Қиыр Шығыс кафедрасындағы шеберлік сағаты

14.02.2020

Көрулер: 1512

12-13 ақпан аралығында университетімізде әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Білм беруді цифрландыру жағдайындағы әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының замануи интерпретациясы» атты 50-Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Бірінші күні пленарлық мәжілістен кейін әр факультетте мастер-кластар мен дөңгелек үстелдер өткізілді. Бағдарламаға сәйкес шығыстану факультетінде «Шығыс тілдерін оқытудың ынталандыру механизмі» тақырыбында секция жұмыстары ашылды.

Қиыр Шығыс кафедрасының ұстаздары Цой Ми Ок «Корей тілінде «сөйлесім» дағдысын үйретуді тиімді әдістері», Юн Хен Сук «Корей тілі бойынша ауызша аударма әдістері» және Ниномия Такаши «Жапон тілін үйретудің оңтайлы әдіс-тәсілдері: зат есім мен сан есім» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.