Корей дәрістері

07.02.2020

Көрулер: 1662

Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінде корей тілін тереңдетіп оқыту бойынша онлайн курстарының гранттық жобасы іске асырылуда. Гранттық жоба Корея қоры (The Korea Foundation) мен Сукмёнг қыздар университетінің (Sookmyung Women’s University) қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда. Сукмёнг университеті халықаралық оқу орнының мәртебесін растайтын IEQAS (International Education Quality Assurance System) сертификатының иегері. Онлайн курстар Сукмёнг университетінің бағдарламасы негізінде жасалған, видео лекцияларды осы университеттің профессорлары жүргізеді. Оқытушылар құрамы корей тілінің лингвистикасын оқытуға маманданған PhD докторлары мен магистрлерінен тұрады.

Аталған курс бір семестр бойы аптасына 3 академиялық сағаттан оқытылады. Оқу бағдарламасы өте тиянақты ойластырылып құрастырылғандықтан, курсты басынан аяғына дейін мұқият тыңдап зерделеу ұсынылады. «Шетелдіктерге арналған корей тілі (1 деңгей)» онлайн курсы сейсенбі күндері, «Шетелдіктерге арналған корей тілі (2 деңгей)» онлайн курсы жұма күндері өткізілуде. Онлайн курсты корейтану бөлімінің 50-ден астам 1-2 курс студенттері тыңдауда. Курс аяқталғаннан кейін аталған пәндер студенттердің транскриптіне енгізіледі.