Студенттік өмір

 

18.11.2020, ZOOM

«Экономика» мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен ҚазҰУ-дың әлеуметтік «Салауатты өмір салты» жобасы аясында «СOVID-19 індетін алдын алу, сақтану шаралары» тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты: коронавирус инфекциясы, оның себептері мен белгілері жайында мәліметтер алу және алдын алу мен емдеу шараларын түсіну болып табылады.

16.11.2020, ZOOM

«Экономика» мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен ҚазҰУ-дың әлеуметтік «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Теңге – тәуелсіздік келбеті» тақырыбында іс-шара өтті. Мақсаты: студенттермен ұлттық төл валютамыз теңгенің шығу тарихы, айналымға ену кезеңі мен бүгіні, перспективасы туралы ғылыми танымдық-практикалық, болашақ болжамдық сценарийлеріне пікірлесу болып табылды.

14.11.2020, ZOOM

«Экономика мамандығының» 2 курс студенттері ҚазҰУ-дың әлеуметтік «100 кітап» жобасы аясында ұйымдастырған іс-шара Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» кітабына арналды. Мақсаты: бүкіл шығарманың идеялық түйінін түсіну, яғни, 20 ғасырдағы халықтың азаттық жолындағы күресі мен жеңісінің табиғи жолының көркем бейнелеуіне назар аударып, өмірдегі ащы шындыққа көз жеткізіп, өмірді тереңірек тану. 

 

13.11.2020, ZOOM

«Экономика» мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен ҚазҰУ-дың әлеуметтік «100 кітап» жобасы аясында Бауыржан Момышұлының  «Ұшқан ұя» еңбегіне арналған іс-шара өткізілді. Мақсаты: Ұлы Отан соғысында елін, жерін жаудан қорғауда қаһармандық көрсеткен, халық  батыры  Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып, қадірлеуді және бойындағы  ерлігі мен ұлттық патриотизмін бүгінгі жастарға үлгі ету.

11.11.2020, ZOOM

Елбасымыздың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге түсіп, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, әлем мемлекеттерінің ортасынан еліміз өз орнын айқындап отыр. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығу міндет етіп қойылды. Ол жол – экс Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Осы жолда еліміздің болашағы - біз, студенттер әрқашанда адамдық қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін өз мүмкіндіктерімізді дұрысынан пайдалануымыз керек екені айқын. Осыған орай, Экономика к1 тобының эдвайзері, экономика ғылымының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Даулиева Ғалия Рахметовнаның және "Экономика" мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен "Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес" акциясы шеңберінде "Жемқорлықсыз ел - гүлденген ел" тақырыбында тәрбиелік кураторлық іс-шара өткізілді.

11.11.2020, ZOOM

«Экономика» мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен ҚазҰУ-дың әлеуметтік «100 кітап» жобасы аясында Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер» еңбегіне арналған іс-шара өткізілді. Мақсаты: жазушының өмірбаянын, шығармашылығын насихаттау, сонымен қатар, қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқуға студент жастарды  ынталандыру болып табылды. 

2020 жылдың 26 ​​мамырында ТМД елдерінің ұлттық экономикаларына COVID-19 пандемиясының әсеріне арналған Достастық университеттерінің қатысуымен халықаралық бейнеконференция өтеді. Конференцияның спикері - э.ғ.д., "Экономика" кафедрасының профессоры Тулегенова М.С.
Конференцияға ТМД-ның 9 елінің жетекші университеттері қатысады. Бұл елдердің экономикалары бір-біріне өте тәуелді, олардың арасында тығыз кооперативті, инвестициялық және көші-қон байланыстары бар. Демек, ТМД елдері бірігіп бұрын-соңды болмаған қиындықтарды сәтті шеше алады.

06.05.2020, ZOOM

«Экономика» мамандығының 1 курс студенттері «100 кітап» жобасы аясында Мұхтар Шахановтың "Өркениеттің адасуы" атты шығармасына арналған іс-шара өткізді. Роман ЮНЕСКО шеңберінде қаралып, әлемдік деңгейде қызу пікірталас тудырды. Автордың шығармалары дүниежүзінің 50-ден астам тілдеріне аударылды. Іс-шара барысында ақын шығармалары туралы пікірлер айтылып, романнан үзінділер оқылды.

 

29.04.2020, ZOOM

«Экономика» мамандығының 1 курс студенттері «100 кітап» жобасы аясында ел тәуелсіздігінің 25 жылдық торқалы тойы қарсаңында жыл кітабы атанған Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» жинағына арналған іс-шара өткізді. Ақын өз өлеңдерінде адамгершілік, жақсылық пен жамандық, қайырым мен қайырымсыздық, достық пен қастық, бірлік пен алауыздық, ақыл мен парасат, ерлік пен ездік, тәлім мен тәрбие мәселелерін көтереді. Ақын өлеңдерінде ақиқаттың көріністері айқын бейнеленіп, қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесі жойылғаннан кейін, билікке сұлтандар мен билердің келуі, сол кездегі қазақ елінің әлеуметтік өмірі суреттелген. Іс-шара барысында ақын шығармалары туралы пікірлер айтылып, оның өлеңдері оқылды.

22.04.2020, ZOOM

"100 кітап" жобасы аясында «Экономика» мамандығының 1 курс студенттері Сәкен Жүнісовтың «Аманай мен Заманай» туындысына арналған іс-шара өткізді. Повестің өскелең ұрпаққа берері мол. Отанын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелейтін повесть қазақ прозасындағы шоқтығы биік туынды болып қала бермек.

 

20.04.2020, ZOOM

"Рухани жаңғыру" және "Айналаңды нұрландыр" жобаларының шеңберінде "Экономика" мамандығының 2 курс ЭК18К1 топ студенттері және топ эдвайзері Даулиева Ғ.Р. "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" тақырыбында онлайн ашық кураторлық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында студенттер қазақ әдебиетінде керемет ізін қалдырған тұлғалардың өлең шумақтарын оқып, ойларымен бөлісті.

 

17.04.2020

Қазіргі таңда салауатты өмір салтын қалыптастыруда  спорттың маңызы зор. Осыған орай, "Экономика" мамандығының 2 курс ЭК18К1 топ студенттері университетіміздің "Салаутты өмір салты" жобасын қолдай отырып, челлендж ұйымдастырды

16.04.2020, ZOOM

Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шараларын күшейту мақсатында университетімізде жазғы емтиxан сессиясы дистанционды оқыту теxнологияларымен ұйымдастырылатын болды.
Соған байланысты, "Экономика" мамандығының 2 курс студенттеріне қашықтықтан оқыту теxнологиясы бойынша ОБ үйлестірушісі PhD Д.Ж.Раxматуллаеваның қатысуымен вебинар өтті. Вебинар барысында дистанционды және онлайн форматтағы емтихан нысандары, олардың шарттары, ережелері, бойынша нұсқаулықтарға негізделген ақпарат ұсынылды. 

15.04.2020, ZOOM

«Экономика» мамандығының 1 курс студенттері «100 кітап» жобасы аясында Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» шығармасына арналған іс-шара өткізді. Бұл трилогия - күрделі және үлкен қарама-қайшылықты ХХ ғасырдың 30 жылдарына дейінгі ауыл мен қала өмірінің панорамасын қамтитын маңызды, ауқымды жұмыс. Студенттер кітаптардан алған әсерлерімен бөлісіп, жазушының жеке басының қалыптасуы туралы оқудың қызықты болғанын атап өтті.

15.04.2020, ZOOM

Covid-19 пандемиясы кезеңінде білім беру жүйесі дистанциондық оқуға көшуіне байланысты тәрбие жұмыстары да онлайн жүргізілуде. "Экономика" мамандығының 2 курс студенттері мен топ эдвайзері Даулиева Ғ.Р. Рухани жаңғыру шеңберінде “Туған өлкем: тарихи ескерткіштер ізімен” тақырыбындағы онлайн ашық кураторлық сағат өткізді. Тақырыптың негізгі мақсаты туған жеріміздегі тариxи ескерткіштер мен тариxи орындар жөнінде студенттердің дүние танымдық көзқарастарын барынша кеңейту болып табылады. 

09.04.2020, ZOOM

«Экономика» мамандығының 1 курс студенттері эдвайзер И.Кулиевпен бірге ZOOM қосымшасы арқылы әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «әл-Фараби мұралары және оның қазіргі заманмен сабақтастығы» тақырыбында іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында студенттер Ұлы ойшылдың мұрасы туралы білімдерімен бөлісті, оның шығармашылығының қазіргі әлемге әсерін талқылады. Сондай-ақ олар әл-Фарабидің мерейтойын халықаралық деңгейде қалай атап өтіп жатқаны және тағы қандай іс-шаралар жоспарланғанын айтты.

12.02.2020, ЭжБЖМ бизнес құзыреттілікті дамыту кластері

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты 50-Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы аясында "Экономика" кафедрасы «Білім берудің және студенттер білімін бағалаудың  инновациялық әдістері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

3-14.02.2020, ЭжБЖМ бизнес құзыреттілікті дамыту кластері

Erasmus + ENINEDU жобасы бойынша серіктестеріміз - Афины экономика және бизнес университеті Кәсіпкерлік және инновациялар орталығында университетте кәсіпкерлікті қолдау бойынша онлайн курстар өткізуде. Спикерлер - АЭжБУ-нің Афины кәсіпкерлік орталығының қызметкерлері.

14.11.2019, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

 «Экономика» мамандығының 3 курс студенттерінен құралған 2 топ «Мен жастарға сенемін» ұлттық форумында «Onay tamaqtan» және «Тұтынушылар құқығын қорғау қызметін цифрландыру» жобаларын ұсынды. Жетекшісі - «Экономика» кафедрасының оқытушысы Салибекова П.К.

12.11.2019, ЭжБЖМ

 Экономика кафедрасының меңгерушісі Садыханова Г.А. және профессор Мухамедиев Б.М. университетімізде қазақ тілінде жарық көрген Лю Вэй мен Су Цзяньның «Қытай экономикасының тығырықтан шығар жолы» кітабының тұсау кесеріне қатысты.

11.11.2019, Механика-математика факультеті, Ө.Жолдасбеков атындағы зал

“Рухани жаңғыру” жобасы шеңберінде және “Жастар жылы” аясында “Экономика” кафедрасы “Сұңқар” студенттер мен магистранттар кәсіподағымен бірлесе “Томирис” фильмінің бас рөлін сомдаушы актриса Альмира Тұрсынмен кездесу ұйымдастырды


08.11.2019, ЭжБЖМ

 Экономика кафедрасы Экономика және бизнес жоғары мектебінің 70 жылдығына арналған «Жоғары білім беруді интернационализациялау» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел барысында ЭжБЖМ мен Ферғана политехникалық институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

 

02.11.2019, Кәсіптік құзыреттілікті дамыту кластері, ЭжБЖМ

«Экономика» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы «Жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім мен корпоративтік сектордың интеграциясын жақсарту - ENINEDU» Erasmus+ жобасы аясында бизнес ортаның өкілдерімен кездесті.

24.09.2019, Нұр-Сұлтан қ.

Экономика кафедрасының профессорлары Мухамедиев Б.М., Аубакирова Ж.Я., Айтбембетова А.Б. "Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік" Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-ші кеңесінің отырысына қатысты


02.04.2019, №16 студенттер үйі

Экономика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы «Экономика» мамандығының 2 курс студенттерімен біріге Наурызды атап өтті

 

01.04.2019, ЭжБЖМ, 215 аудитория

«100 кітап» жобасы шеңберінде «Экономика» мамандығының 2 курс студенттері, эдвайзерлері Салибекова П.К. ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған кураторлық сағат өткізді

18.03.2019, ЭжБЖМ, 1 зал

«Айналаңды нұрландыр» жобасы және «Жастар жылы» аясында «Экономика» мамандығының 2 курс студенттері «Мен жастарға сенемін» атты іс-шара өткізді,

26.02.2019, №16 студенттер үйі

Аға куратор эдвайзерлер құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жиналыс өткізді

08.12.2018, "Аманат" балалар үйі

"Экономика" кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы мен "Экономика" мамандығының студенттері біріге Алматы қаласындағы "Аманат" балалар үйіне барып, сұхбаттасып, ақыл-кеңестерін беріп, балаларға сыйлықтар тарту етті

29.11.2018, №16 студенттер үйі

Деканның орынбасары э.ғ.к., доцент Бимендиева Л.А. қатысуымен ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай студенттерге арналған "Елбасы еңбектеріндегі ұлттық дамудың басымдықтары" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

27.11.2018, №16 студенттер үйі

"Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында Экономика кафедрасының оқытушылары мен студенттері Таугүл мешітінің бас имамы Камалжан Бекбосынұлымен кездесті

05.10.2018, Механика-математика факультетінің қызыл залы

 

Экономика кафедрасының эдвайзерлері мен студенттері құқық қорғау органдары мамандарымен нашақорлық пен зиянды әрекеттердің алдын алу, тәртіптік ережелерді сақтау мақсатында өткізілген жиналысқа қатысты

20.09.2018, №16 студенттер үйі

 

Экономика кафедрасының оқытушылары жатақхана студенттерімен бірігіп Тіл мерекесіне орай "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" атты іс-шара өткізді

19.09.2018, ЭжБЖМ, 215 аудитория

 

Экономика кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы мен "Экономика" мамандығының 3-4 курс студенттерінің ұйымдастырылуымен Ұлттық тіліміз - қазақ тіліне арналған іс-шара өткізілді

 11.09.2018, №16 Студенттер үйі

 

ЭжБЖМ деканы Сагиева Р.К. және деканның орынбасары Бимендиева Л.А. 1-3 курс студенттерімен кездесіп, оларды жатақхана ережелерімен таныстырды

 06.09.2018, №16 студенттер үйі

 

1-курс студенттері Экономика кафедрасының аға эдвайзерлерімен кездесіп, барлық жатақхананың тәртіп-ережелерімен таныстырылды

03.04.2018, ЭжБЖМ, 215 аудитория

 

«Экономика» мамандығының 1 курс студенттері «100 кітап» жобасы аясында Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» жұмысына арналған іс-шара өткізді.

13.03.2018, ЭжБЖМ, 215 аудитория

 

«100 кітап» жобасы аясында «Экономика» мамандығының 1 курс студенттері Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» еңбегіне арналған іс-шара өткізді,



09.03.2018, ЭжБЖМ, 214 аудитория

 

«Экономика» мамандығының 1 курс студенттері «100 кітап» жобасы шеңберінде Уильям Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» еңбегіне арналған іс-шара өткізді.

06.03.2018, ЭжБЖМ, 215 аудитория

 

«Экономика» мамандығының 1-курс студенттері «100 кітап» жобасы шеңберінде Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақ білек» жұмысына арналған іс-шара өткізді.

 

03.03.2018, "Жанұя" балалар үйі

 

«Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында Экономика кафедрасының бірінші курс студенттері Алматыдағы «Жанұя» балалар үйіне барды

 

28.02.2018, ЭжБЖМ, 213 аудитория

 

«Экономика» мамандығының 3 курс студенттері «Рухани жаңғыру», «100 кітап» жобаларының аясында «Экономика» кафедрасының авторлар ұжымы аударған Г.Мэнкьюдің «Экономикс» кітабын талқылауға арналған іс-шара өткізді.

 

16.02.2018, ЭжБЖМ, 202 Конференц зал

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Экономика кафедрасы және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен академик Яхия Әубәкірұлы Әубәкіровті еске алуға арналған «Үлгілі өмір жолы: құрметті азамат, ұлы ғалым және қоғам қайраткері» атты дөңгелек үстел өтті.

 

 

15.02.2018, ЭжБЖМ, 202 Конференц зал

 

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақ бағыты: рухани өркендеу» атты мақаласын талқылау аясында Экономика кафедрасы және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру және экономикалық өсудің жаңа моделін құру» атты дөңгелек үстел өтті.

17.12.2017, №16 студенттер үйі


Экономика кафедрасының оқытушылары мен «Экономика» мамандығының 1,3-курс студенттері «Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты іс-шара өткізді.

 

14.12.2017, ЭжБЖМ, 223 аудитория

 

"Green Campus" жобасы аясында Экономика кафедрасының оқытушылары және «Экономика» мамандығының 4 курс студенттері кафедраны көгалдандыру бойынша іс-шара өткізді.

 

12.12.2017, ЭжБЖМ, 225 аудитория

 

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Экономика кафедрасының оқытушылары мен «Экономика» мамандығының 2 курс студенттері «Ұлттық экономиканың макроэкономикалық моделі» тақырыбында пікір-сайыс өткізді.

 

11.12.2017, ЭжБЖМ, 229 аудитория

 

«Айналаңды нұрландыр» жобасының шеңберінде Экономика кафедрасының оқытушылары мен «Экономика» мамандығының 2 курс студенттері «Қазақстан экономикасының циклді талдауы» тақырыбында пікір-сайыс өткізді.

08.12.2017, №16 студенттер үйі

 

«Экономика» кафедрасының оқытушылары мен «Экономика» мамандығының 1 курс студенттері «100 кітап» жобасы аясында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Таңдамалы шығармалар» атты еңбегін талқылауға арналған іс-шара өткізді.

 


07.12.2017, №16 студенттер үйі

 

«Экономика» кафедрасының оқытушылары мен «Экономика» мамандығының 1 курс студенттері «100 кітап» жобасы аясында Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» атты еңбегін талқылауға арналған іс-шара өткізді.

 


 

05.12.2017, №16 студенттер үйі

 

«Экономика» кафедрасының оқытушылары мен «Экономика» мамандығының 1 курс студенттері «100 кітап» жобасы аясында Жамбыл Жабаевтың «Өлеңдер мен дастандар» атты еңбегін талқылауға арналған іс-шара өткізді.

 

 

 

 

02.12.2017, ЭжБЖМ, 217 аудитория

 

«Экономика» кафедрасының оқытушылары мен «Экономика» мамандығының 3 курс студенттері «100 кітап» жобасы аясында "Мұқағали Мақатаетың таңдамалы еңбектері" атты іс-шара өткізді.

 

 


 


  30.11.2017, ЭжБЖМ, 201 аудитория 

 

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Экономика» кафедрасының оқытушылары «Макроэкономика» пәні бойынша студенттер арасында конкурс өткізді

 


30.11.2017, ЭжБЖМ, 217 аудитория

 

«100 кітап» жобасы аясында Экономика кафедрасының оқытушылары мен «Экономика» мамандығының 1 курс студенттері Ғабит Мүсіпеповтың «Ұлпан» еңбегін талқылауға арналған іс-шара өткізді.

 

30.11.2017, ЭжБЖМ, 225 аудитория

 

Экономика кафедрасының оқытушылары мен «Экономика» мамандығының 1 курс студенттері «100 кітап» жобасы аясында Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» еңбегін талқылауға арналған іс-шара өткізді.

 


29.11.2017, ЭжБЖМ, 227 аудитория

 

Экономика кафедрасының оқытушылары мен «Экономика» мамандығының 1 курс студенттері «100 кітап» жобасы аясында Федор Достоевскийдің «Преступление и наказание» еңбегін талқылауға арналған іс-шара өткізді.

25.11.2017, стадион

 

«Экономика» кафедрасының оқытушылары мен «Экономика» мамандығының 1 курс студенттері «Салауатты өмір салты» жобасы аясында спорттық іс-шара өткізді.

 

.

23.11.2017, ЭжБЖМ, 10 аудитория

 

Экономика кафедрасының оқытушылары мен «Экономика» мамандығының 1 курс студенттері «100 кітап» жобасы аясында Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» еңбегін талқылауға арналған іс-шара өткізді.

 

22.11.2017, ЭжБЖМ, 227 аудитория

 

Экономика кафедрасының оқытушылары мен «Экономика» мамандығының 1 курс студенттері «100 кітап» жобасы аясында Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» еңбегін талқылауға арналған іс-шара өткізді.

 


22.11.2017, М.Әуезов атындағы академиялық драма театр

 

«Айналаңды нұрландыр» жобасы шеңберінде Экономика кафедрасының оқытушылары мен «Экономика» мамандығының 3 курс студенттері «Махаббат жүз жылдық» атты драмасын тамашалады.

21.11.2017, ЭжБЖМ, 2 зал

 

Экономика кафедрасының оқытушылары және "Экономика" мамандығының 3 курс студенттері «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында ұлттық валюта күніне арналған «Теңге - еліміздің қадір-қасиеті» атты іс-шара өткізді.

 

18.11.2017, ЭжБЖМ, 217 аудитория

 

«Экономика» кафедрасының оқытушылары мен «Экономика» мамандығының 1 курс студенттері «100 кітап» жобасы аясында "Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері мен шығармалары" атты іс-шара өткізді.

 


17.11.2017, ЭжБЖМ, 204 аудитория

 

«Экономика» кафедрасының оқытушылары мен «Экономика» мамандығының 1 курс студенттері «100 кітап» жобасы аясында "Абай жолыі" атты іс-шара өткізді.

 

17.10.17, М.Әуезов атындағы академиялық драма театр

 

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында "Экономика" мамандығының 1 курс студенттері "Сыған серенадасы" спектаклін тамашалады.

 

19.09.2017, №16 студенттер үйі

 

«Айналаңды нұрландыр» жобасы шеңберінде «Экономика» кафедрасы «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тіл мерекесіне арналған іс-шара өткізді.

 


28.04.2017, ЭжБЖМ, 5 зал

 

«Айналаңды нұрландыр» жобасы шеңберінде «Экономика» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы «Қазақстан қор биржасындағы капиталды басқару» тақырыбында «Сентрас Секьюритиз» АҚ активтерді басқару департаментінің директоры Мұрат Акиновтың дәрісін ұйымдастырды.

 
   

04.04.2017, №16 студенттер үйі

 

«Айналаңды нұрландыр» жобасы шеңберінде «Экономика» кафедрасы «Әз-Наурыз жыл басы мейрамы» атты мерекелік іс-шара өткізді, концерттік бағдарлама ұйымдастырып, ұлттық тағамдармен дастархан жайылды.

 

15.03.2017, ЭжБЖМ, 431 аудитория

 

«100 кітап» жобасы аясында «Экономика» мамандығының 2 курс студенттері мен Экономика кафедрасының оқытушылары «Қазақстандық жол» тақырыбында іс-шара өткізді.