Малаев Хакімжан Алтайұлы

Әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі проректор

 

Қабылдау бөлімінің телефоны: +7 (727) 377-33-33 

E-mail: Khakimzhan.Malayev@kaznu.kz

 

 

Проректордың атқарымдық міндеттері

 

1. Университеттің болашақтағы және ағымдағы қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды.

2. Өз өкілеттілігі шегінде министрліктер, ведомстволар және басқа да мемлекеттік органдар алдында университет мүддесін білдіреді.

3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен (Министр мен вице-министрлерді қоспағанда) және басқа да мемлекеттік органдармен өз өкілеттігі шегінде хат алмасуды жүзеге асырады.

4. Қаражат қозғалысын және жұмсалуын бақылайды. Ректордың тапсырмасы бойынша қаржы және шаруашылық мәселелер бойынша келісім-шарттар жасайды және өкілдікті жүзеге асырады.

5. Университеттің келесі жетекшілік ететін бөлімшелеріне басшылық пен бақылауды қамтамасыз етеді:

Экономика және қаржы департаменті;

Өндірістік қамтамасыз ету департаменті;

Кешенді қауіпсіздік жүйесінің жедел әрекет ету қызметі.

6. Орта мерзімді кезеңге бюджеттің қалыптастырылуын және университеттің инвестициялық қызметін үйлестіреді.

7. Ректор тапсырмасы бойынша университет нысандарын салу мәселелері бойынша өкілдікті жүзеге асырады.

8. Өз өкілеттілігі шегінде университеттің ректораты мен Ғылыми кеңестің күн тәртібіне сұрақтар енгізеді.

9. Өз өкілеттілігі шегінде жұмысқа қабылдауды, еңбек шарттарын ауыстыруды және тоқтатуды жүзеге асырады, жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметкерлеріне материалдық ынталандыру және тәртіптік жауапкершілік туралы ұсыныстар енгізеді.

10. Басқа проректорлар болмаған жағдайда өз өкілеттілігі шегінде бұйрықтар мен өкімдер шығарады.

11. Қаржы және экономикалық мәселелер бойынша, мемлекеттік сатып алу және тұрғын үй, оның ішінде жалға алу және жалға беру мәселелері бойынша шарттар мен келісімдерге қол қояды және жасайды.

12. Ректордың нұсқауы бойынша басқа да міндеттерді орындайды.