Білім берудің жаңа форматы

16.03.2020

Көрулер: 1591

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ коронавирус инфекциясын (COVID-19) алдын алу және ескерту мақсатында тиісті шаралар қабылдауда. Қазіргі уақытта барлық іс-шаралар, ЖОО қызметкерлерінің жақын және алыс шетелдерге іссапарлары, академиялық алмасу, тағылымдама және шетелдік азаматтарды жұмысқа қабылдау және оқуға қабылдау тоқтатылды.

Университеттің барлық кабинеттері мен жұмыс орындарында, оқу корпустары мен студенттер үйлерінде дезинфекциялық құралдармен өңдеу жүргізіліп, коронавирустық дерттің белгілері мен оны алдын алу шаралары туралы ақпарат орналастырылған.

Үстіміздегі жылдың 16 наурызынан бастап барлық дәрістер «MOODLE» (dl.kaznu.kz) қашықтықтан оқыту және «Универ» (univer.kaznu.kz) қашықтықтан білім беру технологиялары (ҚБТ) арқылы өткізілетін болады.

Қазіргі уақытта жаңа білім беру технологиялар Институты оқу процесін жүзеге асыру үшін барлық оқытушыларға ҚБТ технологиясына арналған тренингтер жүргізуде.

Қашықтықтан білім беру ұйымдастыруға қатысты барлық сұрақтар бойынша жаңа білім беру технологиялары Институтына хабарласуға болады: +7 (727) 377 33 33, ішкі нөмері – 3123, 1133, 1647, 1136, 3124, сондай-ақ жаппай ашық онлайн курстар Орталығы-ішкі нөмері – 1293, 133.

Студенттік үйлердің жұмысы бойынша студенттік қалашықтың Дирекциясына хабарласуларыңызға болады: +7 (727) 377 33 33, ішкі нөмірі – 1912, 1413.