«General Chemical Technology» оқу құралына авторлық куәлік алынды.

04.05.2019

Көрулер: 2501

Оқу құралы "Жалпы химиялық технология" пәні бойынша негізгі оқу бағдарламасына сәйкес жасалды, 6 тараудан тұрады, химиялық технологияның реакционнық процестерінің жалпы заңдылықтары, химиялық реакторлардың таңдауы мазмұндалды, химиялық өндіріс химия-технологиялық жүйе ретінде қарастырылды, оның синтезі мен талдауға тәсілдері, сондай-ақ технологиялық процестердің тиімділік көрсеткіштері, технологиялық жүйелердің термодинамикалық жетілдіру дәрежесін сипаттайтын өлшемдер берілген. Химия өнеркәсібінің шикізат және энергетикалық базасына, шикізат пен энергияны кешенді және ұтымды пайдалану мәселелеріне үлкен көңіл бөлінді, энерготехнологиялық қондырғылар бойынша материалдар енгізілді.

         Оқу құралында әр бөлімнің соңында өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар келтірілді, бұл теориялық өткен материалды бекітуге ықпал етеді. Жалпы химиялық технология бойынша оқу құралы химия және химия-технологиялық мамандықтар студенттерінің оқу процесін жетілдіруге және жалпы инженерлік дайындыққа уақытылы үлес болып табылады.