ҚазҰУ ИИДМБ – II өнеркәсіптеріне арналған 80 маман шығарды

29.04.2019

Көрулер: 2471

ИИДМБ – II мамандар даярлау жөніндегі мемлекеттік саясатын жүзеге асыру үшін таңдалған 11 ЖОО кіретін әл – Фараби атындағы ҚазҰУ 2015 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында техникалық салалар бойынша мамандар даярлауды бастаған. Биыл әл – Фараби атындағы ҚазҰУ «химия магистрі» академиялық дәрежесіне ие еліміздің экономикасын ілгерлетуге қажетті «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Мұнайхимиясы», «Мұнай – газ ісі» және «Нанотехнологиялар және наноматериалдар» мамандықтары бойынша 80 маман шығарды.

Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ оқу ісі жөніндегі проректор Хикметов А.К. түлектерге арналған сөзінде ИИДМБ магистранттарды даярлау оқу бағдарламасы жобасы аясында даярланған және еліміздің экономикасының шынайы секторындағы өнеркәсіптерде өздерінің еңбек жолдарын бастайтын әрбір магистранттың мойнына үлкен жауапкершілік артылғандығын атап өтті. Ол түлектер оқу барысында оқытушылар және өнеркәсіп өкілдерімен бірлесе отырып дайындалған, мазмұны мамандыққа қойылатын салалық өнеркәсіптердің талаптарына сай келетін арнайы оқу бағдарламалары бойынша дайындықтан өткендіктерін атап кетті. Факультет деканы Тасибеков Х.С. жастарға арналған құттықтау сөзінде, біздің түлектер заманауи құрылғылар мен құрал – жабдықтарда жұмыс істей алатын, өнеркәсіптердегі технологиялық айналымдарды жаңартуға және дамытуға бағытталған тың идеяларға ұсынуға құзыретті магистр академиялық дәрежесіне ие маман болып табылатындықтарына баса назар аударды.

Алдын – ала жасалған үшжақты келісім – шарт негізінде (магистрант – ЖОО - өнеркәсіп) барлық түлектер бітіргеннен кейін экономиканың шынайы секторындағы өнеркәсіптерге жұмысқа орналаса отырып, өздерінің үлестерін соңғысының дамуына қоса алады. Түлектерге өздерінің әлеуетін толықтай ашуға және Қазақстан Республикасы дамуы игілігіндегі еңбек жолдарына сәттілік тілейміз!!

 

Хайдар ТАСИБЕКОВ,

Химия және химиялық технология

факультетінің деканы

 

Дина АКБАЕВА

Деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары