Биология мұражайына саяхат

08.11.2019

Көрулер: 3811

08 қараша 2019 ж. «5В060700-Биология» мамандығының 2 курс студенттерінің қатысуымен Биология мұражайының экспозияция залдарына экскурсия жасалды. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология мұражайы 1936 жылы биология факультетінің зоология кафедрасының жанынан зоология, ал 1949 жылы биология мұражайы болып ашылған. Мұражайдың қазіргі экспозициялық залы 1984 жылы университеттің 50 жылдық мерейтой қарасаңында ашылған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология мұражайы республика аумағында ғана емес, сондай-ақ ТМД жоғарғы оқу орындарының арасында теңдесі жоқ бірегей мұражай!!!

Экскурсия мақсаты: білім алушыларды Қазақстан Республикасының флора және фауна өкілдерінің алуантүрлілігімен таныстыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу, студенттердің биология саласындағы білімдерін кеңейту.

Ұйымдастырушы: куратор-эдвайзер Қайрат Б.Қ.