Кәсіби тәжірибе

07.03.2020

Көрулер: 2437

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология және әлем тілдері факультетінің Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы бірнеше жыл көлемінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттерін еліміздің әр аймағындағы мектептерге жіберу ісін де қолға алып отыр. Осы мақсатта еліміздің аудан-ауылдарындағы мектептермен келісім-шарт жасасып, болашақ түлектердің жұмыспен қамтылуын, сондай-ақ, оқушылардың өз кәсібін дұрыс таңдауына ықпал жасау бағытында жұмыстар жолға қойылған. Бір ғана Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Б. Қыдырбекұлы атындағы орта мектебі, Іле ауданы Қараой ауылындағы Ы. Ноғайбаев атындағы № 18 орта мектебі, Іле ауданы Ақши ауылындағы № 8 орта мектеп, Қарасай ауданы Тұрар ауылындағы Ә. Байсалбаев атындағы орта мектеп, Панфилов ауданы Кішішыған ауылындағы Кішішыған орта мектебі, Талғар ауданы Белбұлақ ауылындағы № 10 жалпы білім беретін орта мектеп секілді білім мекемелері ҚазҰУ-мен келісімшарт жасасып, маман даярлау ісіне өз үлестерін қосып отыр.