"Ұлы даланың жеті қыры"

29.01.2018

Көрулер: 5451

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Филология және әлем тілдері факультетінің 3-курс студенттері жақында ғана жарыққа шыққан, елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын өз араларында талқылады.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындаы елбасы көрсеткен жеті мұраның қаншалықты маңызы бар?

Осыған жауап берсек!

Жас ұрпақты жаңа жетістіктерге жетелейді. Ұлы даланың жеті қырының кез келгені – Қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра. Атқа міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу технологиясы, өз жазуы мен мифологиясы бар озық мәдениетті Қазақ елінің рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі өнері», бүкіл әлемді тамсандырған Дала өркениетінің жәдігері − «Алтын адам» жауынгері, түркі әлемінің бесігі саналатын Алтайдан бастау алатын түркі тарихы, әлемдік экономиканың өркенденуіне септігін тигізген – Ұлы Жібек жолы жүйесі, Қазақ елінің ұлттық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында орын алған тарихи жайт қана емес, сонымен қатар әрбір қазақ үшін де аса қымбат құндылықтар. Жаһандану кезеңінде, ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, насихаттау әрі сақтау елді бекемдеудің тікелей кепілі. Айтылып өткен мәдени құндылықтарымыздың қоғам санасының тарихи жаңаруы үшін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып отырған жобалар толықтай жауап беретіні анық. Оның ішінде, ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын іске асыру еліміздің тарихын түгендеуге мүмкіндік береді. Түркі әлемі ежелден Қазақстанды күллі түркі халықтарының қасиетті қарашаңырағы ретінде мойындайды. Ал Түркістан халқымыздың рухани орталығы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын болып саналады деген сөздер әрбір қазақтың жүрегіндегі мақтаныш сезімін оятады деп ойлаймын. «Түркі өркениеті: түп-тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаның аясында Түркістан қаласында, тарихи мұраларымыздың негізінде түркі әлемінің орталык музейін ашу, өткен мен қазіргі уақыттың тығыз байланысын көрсету мен қатар, келесі ұрпақ үшін де маңызы зор болар еді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болатын. Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған ұсыныстары мемлекетіміздің нығаюына септігін тигізетініне толық сенімдімін. Өйткені тарихын білген ел ғана өткеннен сабақ алып, жарқын болашаққа жол тауып жетістіктерге жетеді.