"Елбасы және жастар"

10.12.2018

Көрулер: 2844

Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, өлеңдер оқылды және де Елбасының келер жылды "Жастар жылы" деп жариялауының маңызын, ондағы мүмкіндіктер жайлы сөз болды.Іс-шараны өткізудегі негізгі мақсаты жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, болашақ ұрпақтың бойына отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ, іс-шара соңында 17 жатақхана студенттері түрлі сұрақтарға жауап беріп сыйлықтар ұтып алды. Бұл салтанатты кештің мән-мағынасы кең, болашақ жастарға ой саларлықтай көпшілік көңілінен шықты.