Қазақ әдебиетіндегі Желтоқсан тақырыбы

20.11.2018

Көрулер: 3059

20-қарашада филология және әлем тілдері факультеті, «Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы» кафедрасының аға оқытушысы Ш. Шортанбаевтың жетекшілігімен «Әдебиеттану» мамандығының 2-курс магистрант-практиканты Иген Гүлнұр  «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттерімен ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ тақырыбы «Қазақ әдебиетіндегі Желтоқсан тақырыбы (Т. Сәукетаев, Н. Қуантайұлы, М. Шаханов, Ж. Бөдеш, Д. Досжан, С. Асылбекұлы т.б. ақын-жазушыларының шығармалары бойынша)».  Аталған авторлардың шығармасы бойынша 1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін, сипатын, қозғаушы күштерін, маңызын білдіре отырып,  студенттерді Отанын сүюге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Шығармаларға әдеби теориялық талдау жасау арқылы студенттердің білімдері тереңдетілді.