«Жүрегімнің иесі» драмасы

17.11.2018

Көрулер: 2705

Театр – мәдениеттілікке, имандылыққа бастайтын баспалдақ, алтын көпір екені даусыз. Жуырда  филология және әлем тілдері факультетінің аға кураторы Ш. Шортанбаевтың ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1, 4 курс студенттері М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына барып, «Жүрегімнің иесі» атты психофизикалық драманы тамашалады. Қойылым қоғамдағы жастар мәселесін қозғайтын жас ұрпаққа тағылымы мол туынды болып табылады. Студенттер драманы терең түсініп, жүрегімен түйсініп,  ұғынып, керемет әсер алып тамашалады. Актерлер шеберлігі жастар жүрегіне жол тауып, терең ойға жетеледі.