«Аңыздың ақыры» романының көркемдігі

15.11.2018

Көрулер: 5580

2018 жылдың 15 қараша күні аға куратор Ш. Шортанбаевтың ұйымдастыруымен «Аңыздың ақыры» романының көркемдігі» атты тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттері әдеби семинар өткізді. «Аңыздың ақыры» романы аңыздың ізімен жазылып, ондағы оқиғаны философиялық-психологиялық астармен өрбіткен жазушы Әбіш Кекілбаевтың шебер жазылған туындысы екені баршаға мәлім. Романдағы негізгі оқиғалар Әмірші, Кіші Ханым, шебердің іс-әрекеттерімен өтеді. Роман кейіпкерлері ешкімге ұқсамайтын, қайталанбаған образдар.

Аталған әдеби семинарда Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы мен қазақ әдебиетіне қосқан үлесі жайында сөз қозғалды. Сонымен қатар қазақ әдебиетінде жоғары бағаланған «Аңыздың ақыры» романы жайында студенттер әр түрлі зерттеу еңбектерін қарастырып, шығарманы толықтай талдап, Әбіш Кекілбаевтың қыл қаламының көркемдігімен, жазу шеберлігімен жіті танысты.