«Менің тұңғыш Президентім!» атты ашық тәрбие сағаты

29.11.2017

Көрулер: 4036

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультеті Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының 5B011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының I курс студенттерінің арасында «Менің тұңғыш Президентім!» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты негізгі 3 кезең бойынша қарастырылды.

І кезең. Елбасының балалық шағынан ақпарат.

Дарынды студенттеріміз бұл кезеңді «Елбасы жолы» киноэпопеясын арқау ете отырып, көрініс ретінде көрсетті.

ІІ кезең.Елбасының жүріп өткен жолдары.

Бұл кезеңде елбасымыздың тәмәмдаған оқу орны мен жұмыс саласындағы елеулі істері баяндалды.Сонымен қатар, ел арқауы бола білген елбасының қызығушылығы, отбасылық өмірі айтылып өтті.

ІІІ кезең. Тұңғыш президентіміздің тәуелсіз Қазақстандағы алатын орны.

Қорытынды кезеңде, ел президентінің Қазақстан Республикасына қосқан үлесі мен стратегиялық жоспарларын арқау ете отырып ашық тәрбие сағатына қатысқан студенттер мен оқытушылар пікірін біліп, ақпарат алмасты.

Тәрбие сағаты барысында тақырыпқа байланысты әндер, өлеңдер және ойындар ойнатылды

Ашық тәрбие сағатын ұйымдастырушы: Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушы-ассистенті, 5B011700 Қазақ тілі мен әдебиеті 4-топ куратор-эдвайзері Досанова Назира Жақыпқызы.