«Жас қанат» жыр мүшайрасы!
Көрулер: 3410
Қазақ Ұлттық университетінің филология жəне əлем тілдері факультеті мен журналистика факультетінің 1 курс студенттері арасында «Жас қанат» мүшайрасы өтті. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей қазылар алқасы жас талап ақындарымыздың өлеңдерін тыңдап, өз пікірлерін білдіріп, бағаларын берді. 20-дан астам талапкерлердің қатысуы поэзияға деген құштарлықтың артып келе жатқандығын байқатты. Қазылар алқасының төрағасы, «Дарын» сыйлығының лауреаты, ақын Бекжан Əшірбаев жүлдегерлерді дипломдармен марапаттап, кітаптар тарту етті.
Жыр мүшайрасын ұйымдастырушылар қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары: «Əдеби жүздесулер» клубының жетекшісі, проф.м.а. С. Қалқабаева, «Түлектер» клубының жетекшісі профессор м.а. Р. Әбдіқұлова және Б. Баязитов.