Физика-техникалық факультетінің РЭТ мамандығы бойынша студенттері әзірлеген жұмыстары үшін алтын медальдармен марапатталды

17.03.2022

Көрулер: 1469

«Қатты дене физикасы және бейсызық физика» кафедрасының «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 4 курс студенттері Арын Ғалымжан және Амангелдинов Мерей жоғарарғы және кәсіби оқу орындарына арналған отандық жабдықты әзірлегені үшін Халықаралық ақпараттандыру академиясының алтын медалімен марапатталды. Олар бұған дейін Халықаралық көрмеде 1-орынды иеленіп, кафедра қызметкерлерімен бірге өнертабысқа патент алған болатын. Жетекшілік жасап, бағдар берген инженер Актаев Эркин және оқытушылар Алимгазинова Н.Ш. мен Толегенова А.А.