«ASSYL DOMBYRA» ақындар айтысы

21.10.2021

Көрулер: 185

Жыл басынан бері республиканың жер-жерінен 48 жүйрік ақын айтысқа түскен «ASSYL DOMBYRA» ақындар айтысының суперфиналы Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында мәресіне жетті. Финалға өткен 18 ақын арасында топ жарып Қазырет Бердіхан «Асыл домбыра иегері» атанды.


Жыл бойы 7 тур өткізген айтыстың финалдық бәсекесі «Алатау» театрында екі күн бойы өтті. Суперфинал аламанына Ринат Зайытов, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Мейірбек Сұлтанхан, Шалқарбай Ізбасаров, Қанат Мырзахан, Қазірет Бердіхан, Рүстем Қайыртаев, Ерлан Аманқожа, Шұғайып Сезімхан, Жансая Мусина, Рауан Қайдаров, Нұрзат Қару, Серік Қуанған, Айбек Жеңісқазин және Нұрмахан Жақыпбеков қатарлы айтыскерлер түсті.

Екі күнге созылған аламан бәйгеге тігілген асыл домбыраны Қазірет Бердіхан иеледі. Ол суперфиналдың бірінші айналымында Рауан Қайдаровтан басып озып, ширек-фирналда Шұғайып Сезімханның артта қалдырды, доданың жартылай финалында Ринат Зайытовты жеңіп, финалда Мұхтар Ниязовтан ұпайын арттырды. Нәтижесінде «Асыл домбыраның иегері» атанды.

Жүлдегерлер:

1 орын – Қазірет БЕРДІХАН (Алматы);

2 орын – Мұхтар Ниязов (Қызылорда);

3 орын – Серік Қуанған (Өскемен);

3 орын – Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда);

Ынталандыру сыйлығы: Шұғайып Сезімхан, Айбек Жеңісқазин, Нұрлан Есенқұлов.

«ASSYLTAS» арнайы стипендиясы Ринат Зайытовқа бұйырды.

Ақпарат алынды: https://qazaqtimes.com/article/90118