«30 жыл: өркендеу, бейбітшілік және жасампаздық»

30.09.2021

Көрулер: 1725

Қазақстанның тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 жыл: өркендеу, бейбітшілік және жасампаздық» тақырыбымен Жылуфизикасы және техникалық физика кафедрасы дөңгелек үстел өткізді.


Дөңгелек үстел екі тілде өтті. Дөңгелек үстелдің негізін студенттердің келесі тақырыптар бойынша жасаған баяндамалары құрды:

  1. «Тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік?» (Әуезхан Нұркелді, Аязбек Дінмұхаммет, Серікқазы Тоты);
  2. «Роль Первого Президента Н.А.Назарбаева в становлении независимого Казахстана» (Макин Нургали);
  3. «30 лет независимости: главные достижения Казахстана» (Кутушев Радион);
  4. «Физика техникалық факультеттің 30 жылдағы жетістіктері» (Сыздықбекова Ақару).

Айта кетерлігі, бұл дөңгелек үстелдің ерекшелігі, оның өтетін күні 1981 жылы ҚазМУ физика факультетін бітірген, биыл университет бітіруінің 40 жылдығын атап өтіп отырған және факультетке қонаққа келген курстастардың кездесу күнімен сәйкес келді.

Қонақтар арасында Қазақстанның көрнекті ғалымдары, ғылым докторлары мен кандидаттары, мемлекет қайраткерлері, еңбек сіңірген мұғалімдер, республиканың түкпір -түкпірінен келген көрнекті кәсіпкерлер болды. Жиналған студенттер үшін тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі жолында 40 жыл бойы жасаған жұмыстары, табыстары мен жетістіктері туралы айтқан қонақтардың мазмұнды сөздерін тыңдау өте қызықты болды.

Шақырылған қонақтардың арасыннан сөз сөйлегендер:

1. Раманқұлов Камал Егізенұлы, физика - математика ғылымдарының кандидаты, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық кеңесі жанындағы ғылым мен жастардың білім мәселелері жөніндегі кеңесшісі;

2. Бекбасаров Нысан, ғалым-этнограф, Астрономия оқулықтарының авторы, қазақтың ежелгі халықтық астрономиясын зерттеуші;

3. Досқожанова Назымгүл Әзімбайқызы, Қазақстанға еңбек сіңірген мұғалім;

4. Спабекова Роза Спабековна, химия ғылымдарының кандидаты, ОҚМУ (ЮКГУ) доценті;

5. Әбішев Медеу Ержанұлы, физика - математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент - мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі;

6. Болегенова Салтанат Әлиханқызы, физика - математика ғылымдарының докторы, профессор м.о., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының меңгерушісі.

Дөңгелек үстел өз мақсатына жетті. Баяндамашылар Республика тәуелсіздік алған жылдар ішінде біздің факультеттің, кафедраның және жеке қатысушылардың әрқайсысы өз жұмысында үлкен жетістіктерге жеткенін және елдің дамуына үлес қосқанын атап өтті.

Баяндамашылар білімді тәрбие арқылы беру керектігін түйіндеді, өйткені ҚазҰУ атымен аталатын Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Наср әл-Фараби жазғандай: «Адамға ең бірінші білім емес,  тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген  білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі». Тәрбиемен берілген білім – өлшеуі жоқ қазына.

Студенттер үлкен эмоционалды зарядқа толы энергия алды, бұл олардың сөйлеген сөздерінен, қонақтарға тілектері мен сұрақтарынан көрініп тұрды.

Жауапты: Бекалай Нұрипа Қырқызбайқызы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы.