VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ АЯСЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

03.04.2019

Көрулер: 2704

Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының ұйымдастыруымен VI Халықаралық Фараби оқулары аясында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) сайысы өтті.

Сайысты "СҒЗЖ" бойынша жетекшісі, т.ғ.к. Рустем Кусаингазыевич Манатбаев ашты. Студенттердің ғылымға құлшынысы және жүргізілген тәжірибелер нәтижелері мен есептеулері комиссия құрамының көңілдерінен шықты. Келесідей жұмыстар бойынша баяндамалар тыңдалды:

1. Карусель типті Дарье жел турбинасының зертханалық моделі, Қалдыбай Елдос, 1 курс, Техникалық физика мамандығы, жетекшісі: Қаласов Н.Б.

2. Көлденең қимасы айнымалы түтік ішіндегі сұйықтың стационар қозғалысы, Даут Бақытгүл, 1 курс, Техникалық физика мамандығы, жетекшісі: Жұмабаев Ә.

3. Цилиндрлік құбырдағы Рейнолдьс санының кризистік мәнін анықтау, Құрал Сапарғали, 1 курс, Ғылыми физика мамандығы, жетекшісі: Жұмабаев Ә.

4. Төменгі температуралады өлшеуге арналған термоэлектрлік термометрді өлшемдеу (градиурлеу), Қабдулқақ Ануар, 1 курс, Жылу энергетикасы мамандығы, жетекшісі: Жексен Ұ.Ж.

5. Пельтье элементі жылу сорғыш ретіндегі оптимальды режимі, Рахымжанова Шахназ  и Умаров Сенбек , Техникалық физика мамандығы, 1 курс, жетекшісі: Жакыпов Ә.С.

Қорытындылар VI Халықаралық Фараби оқулары жабылуы кезеңінде белгілі болады.