Күтілетін нәтижелер

Оқу жоспарларын, электрондық оқыту мен педагогикалық технологияларды құруға арналған тренингтер еуропалық және жаһандық стандарттарға сәйкес тұрақты қалдықтарды басқару саласында білім беруді жаңартуға мүмкіндік береді. Жаңа онлайн оқыту модульдері студенттерге икемді және инклюзивтік оқыту курстарын ұсынады, инновациялық әдістерді енгізу және өндірістік-білім беру саласындағы серіктестік мәселелері студенттерді өндірістікқызметте қажетті дағдылар мен білімдерді қамтамасыз етеді. Бұл модульдер, жаңа және жаңғыртылған оқу жоспарлары бойынша қалдықтарды тұрақты басқару, құрылған жобада магистратураға түскен магистранттарды оқытуға, сондай-ақ қалдықтарды тұрақты басқару саласындағы өнеркәсіптерде жұмыс жасайтын тұлғалар үшін жүйелі және үздіксіз дайындықты, екі әріптес елдерде қоршаған ортаға әсеріне байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. ЖОО-ның өнеркәсіптермен тығыз серіктестігі және барлық университеттер арасындағы серіктестік интеграциясы кезінде оқыту модульдерінде өзара тиімді инновациялардың дамуы болашақта жаңа серіктестер пен қаржыландыруды табуды қамтамасыз етеді.