Марапаттаулар мен кафедра жетiстiгi

   Нұргүл Қарымсақова IBM мақұлдаған және Coursera арқылы ұсынылған «Жасанды интеллектке кіріспе» онлайн курсын сәтті аяқтады.  
   Нұргүл Қарымсақова IBM санкциялаған және Coursera-да ұсынылған «IBM Watson-ды қолдану арқылы жасанды интеллектке кірісу» онлайн курсын сәтті аяқтады.  
   АИ және Big Data кафедрасының оқытушысы Ерлан Надиров 19.10.2020 ж. "IoT (Заттар интернеті) сымсыз және бұлтты есептеулердің жаңа технологиялары"тақырыбында курс өтті.  
   Дуйсембаева Лаура Серікқызы –Жасанды Интеллект және Big Data кафедрасының оқытушысы Course курсынан өтіп Python Basics курсы бойынша 22.10.2020 жылы сертификатын алды.  
   ЖИ және BD кафедрасының оқытушысы Әміржан Мұхамбетғалиев 19.10.2020 ж. "IoT (Заттар интернеті) сымсыз және бұлтты есептеулердің жаңа технологиялары" тақырыбында курс өтті.  
   2020 жылдың қыркүйегінде Финляндияда инновациялық байқау өтті.  ҚР БҒМ КН Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының СНҚ циклы экономикасы және көміртекті бейтараптылық саласындағы инновациялар номинациясы бойынша Мұрат Күнелбаев «Термосифондық циркуляциямен екі схемалы күн қондырғысы» тақырыбында Халықаралық финалист атанды.  Бұл іс-шараға әлемнің 15 елінен инноваторлар қатысты.  Биыл Байқау онлайн режимінде өтті.  
   Қазақтың мақтанышына айналған халқымыздың ұлы ақыны, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде, университет деңгейінде іс-шаралар өтті. Сол іс-шараларға біздің студенттеріміз де өз үлестерін қосып, белсенділік танытуда. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Ғасырдан асқан тұлға" атты Абай өлеңдерін мәнерлеп оқудан Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындары студенттері арасында өткен республикалық онлайн-сайысқа Автоматтандыру және басқару мамандығының 3 курс студенті Қойшыбаева Назерке Қойшыбайқызы қатысып, 2 орын иеленді. Жетекшісі Тюлепбердинова Гульнур Алпыскызы алғыс хатпен марапатталды.  
   ЖИиBD кафедра оқытушысы Ахметова Ардақ Мергенбаевна жоғары оқу орны оқытушыларының кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өтіп, 6 қараша 2020 жылы мерзімінде сертификат алды.  
   Кампус аумағындағы зерттеушілер академиясы ЖИ және BD кафедрасының оқытушысы Күнелбаев Мұратқа Қазақстандағы 3-ші Халықаралық Elsevier Ғылым күніне байланысты 2020 жылдың желтоқсанында өткен конференцияға қатысқаны үшін сертификат берді.  
 
Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының PhD студенті Карымсакова Нургуль 12.09.2019 мен 12.11.2019 жж. аралығында Нью-Йорк Бингемтон университетінде Автоматтандыру және басқару саласында ғылыми-зерттеу тәжірибесінен сәтті өтті.
 
 
Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының PhD студенті Карымсакова Нургуль 12.09.2019 мен 12.11.2019 жж. аралығында Нью-Йорк қаласында Бингемтон университетінде "Аналогтық дизайн сызбасы" курсын сәтті аяқтады.  
 
 
Бұл сертификат 2019 жылы 29 қазанда Бингемтон университетінде (АҚШ)  Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының PhD студенті Қарымсақова Нұргүлдің  Data Science және жасанды интеллект бойынша семинарды сәтті аяқтағаны үшін берілді.   
 

"Автоматтандыру және басқару" мамандығының 3-курс студенті Тұрғанов Мадияр "П" халықаралық күніне арналған "Не? Қайда? Қашан?" атты интеллектуалды ойынынан 2- орынды иеленді.

 

Эдвайзер: Умаров Амантур.

 

 

"Автоматтандыру және басқару" мамандығының 3-курс студенті Тұрғанов Мадияр Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен "Маралсай" демалыс үйінде өткен Алматы қаласының белсенді, талантты жастарына арналған #SmartJastar атты жастар лагерінде белсенділік танытқаны үшін Грамотамен марапатталды.

 

Эдвайзер: Умаров Амантур.

 

Жасанды интеллект және Big Data мамандығының 1-курс студенті Тұрғанбек Сымбат Бауыржанқызы Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» атты халықаралық үздік студенттер байқауының жеңімпазы атанды.

 

Эдвайзер: Тергеусизова Алия Советжанқызы.

 
 



Кафедрамыздың студенттерінен құрылған команда «Пи» халықаралық күніне орай ұйымдастырылған «Не? Қайда? Қашан?» Зиаткерлік сайысында жүлделі екінші орынды иеленді




әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Механика-Математика факультетінің "Жас Отан" ЖҚ ұйымдастыруымен өткізілген "Шахмат Турнирі 2017" сайысында Жүлделі ІІ орынға ие болғаны үшін кафедрамыздың студенті Бораш Айдын марапатталды




5B070200-"Автоматтандыру және басқару"(ғылымдар бакалавры) бағдарламасы үшін аккредитациялық сертификат(ASIIN) 31 наурыз 2017 жылдан 27 сәуір 2018 жылға



6M070200-"Автоматтандыру және басқару"(ғылымдар магистрі) бағдарламасы үшін аккредитациялық сертификат(ASIIN) 31 наурыз 2017 жылдан 27 сәуір 2018 жылға