«Журнал Клубының» ғылыми үйірмесінің жиналысы

26.11.2019

Көрулер: 3048

Бейсенбі күні, 2019 жылдың 28 қарашасы сағат 16:00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің 1-ші қабатындағы 4в аудиториясында өтетін "ЖУРНАЛ КЛУБЫ" ғылыми үйірмесінің отырысына шақырамыз. 1 курс докторанты Еспотаева Арина «Anti-albuminuric effect of the aldosterone blocker eplerenone in non-diabetic hypertensive patients with albuminuria: a double-blind, randomised, placebo-controlled trial» атты мақаланы тақыға салады. Бүйректің созылмалы аурулары денсаулық сақтау жүйесінде үлкен мәсәле болып табылады. Дүйние жүзілік зерттеулердің нәтижесі бойынша егде жастағы халық топтарының 9% әр түрлі ауырылық дәрежесімен бүйректің созылмалы ауруынан зардап шегуде. Осыған қоса, бүйректің созылмалы ауруы кең таралған, сондай-ақ олар жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары мен өлімінің жоғары деңгейімен және де айтарлықтай шығындармен тығыз байланысты. Біз ғылыми мақалаға талдау жүргіземіз, тек жазылғанын сипаттап қана қоймай, бар дәлелдемелерге сыни қарауға тырысамыз. Мұның барлығы бізге өз басылымдарымыз бен зерттеулеріміз үшін ақпарат жинау кезеңінде, сондай-ақ сауатты ғылыми мақалалар жазуда көмектеседі. 

Журнал клубына қатысуға студенттер, магистранттар, докторанттар мен оқытушылар шақырылады. Барлығын қатысуға шақырамыз! Сізді көруге қуаныштымыз, басты шарт - бұл мақаланы барлық қатысушылардың алдын ала оқуы керек. Мақала мәтінін https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pubmed/25466242 сайтында таба аласыз .

Модератор: эпидемиология, биостатистика және дəлелді медицина кафедрасының оқытушысы Кузиева Гульмира, электрондық адресі: gulmira.kuziyeva@kaznu.kz, 8 (705) 4446444.