Халықаралық студенттік онлайн конференциясы -

07.04.2018

Көрулер: 2128

Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясының аясында экономика және бизнес жоғары мектебінің профессорлары мен оқытушыларының ұйымдастыруымен «Инвестициялық белсенділікті ынталандыру: ҚР-дағы даму тенденциясы» тақырыбына халықаралық студенттік онлайн конференциясы өтті. 

Шараға РУДН (Ресей), Тәжікстан Славян университеті, Халықаралық Бизнес Университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттары, оның ішінде, Қытай Халық Республикасының азаматтары қатысып тақырыпқа байланысты өз ой пікірлерін ортаға салды. 

Конференция ҚР инвестициялық саясатының даму тенденциялары, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау, инвестициялық белсенділікті арттырудағы халықаралық тәжірибе (Қытай, Ресей, Тәжікстан т.б. елдер) аясындағы мәселелерді қамтыды. 

Конференцияда елдің үштілдік саясатына сай қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі баяндамалар оқылды, сұрақ-жауап алынды. 
Халықаралық Бизнес Университетінің докторанты, белгілі экономист сарапшы Халық Мақсаттың баяндамасы қатысушылардың назарын ерекше аударып, қызығушылықтарын арттырды. Халықтың инвестициялық белсенділігін арттыру мәселелерін қозғаған тақырып қатысушылар арасында қызу пікіртас туғызды. 

Қаржы мамандығының магистранттары елдің инвестициялық климатының барысы, инвестициялық жобалардың тиімділігін саралаудың заманауи әдістері, инвестицияны тартудың қазіргі таңдағы мәселелері, жақын және алыс шетелде инвестицияны тартуды ынталандырудың қандай құралдары қолданылуда, Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту елдің инвестициялық ахуалын түзетуге қандай үлес қосады деген мәселелерді ортаға салып, тізбектеп зерделеген, зерттеген ойларымен бөлісті. 
Конференция тақырыбын таңдап, өткізуге мұрындық болған э.ғ.к., доцент Айжан Сәрсенқызы Асилова баяндамаларды қорытып, елдің инвестициясының болашағы дұрыс бағытта тартылып жатқан қаражаттар динамикасы экономиканың
нығаюымен бірге өсуде екенін атап өтті.