30 мамыр - ҚазҰУ түлектері күні.

25.05.2020

Көрулер: 2016

Құрметті оқытушылар, түлектер мен студенттер, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Медицина және денсаулық факультетінің Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Сіздерді дәстүрлі жалпыуниверситеттік ҚазҰУ-дың Түлектер күні мерекесімен құттықтайды.

Биыл ҚазҰУ-дың Түлектер күні университетіміздің ұлы тұлға есімімен иеленген ерекше халықаралық іс-масштабта өтетін әл-Фарабидің 1150 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Университет дәстүрлерін сақтай және дамыта келе, сондай-ақ еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, дене шынықтыру және спорт кафедрасы Түлектер күнін жаңа форматта-онлайн режимде өткізуді жоспарлап отыр.

Біз мыңдаған оқытушылар, студенттер мен түлектер ұжымы осындай қиын қыстау кезеңде бұрынғы жылдардағыдай, тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен білім, ғылым, спорт және мәдениеттің маңыздылығын тағы да көрсете алатынына сенімдіміз және Түлектер күнінің дистанциялық форматы алғаш рет сынақтан өткелі отыр.

               Түлектер күнін атап өту үшін дене шынықтыру және спорт кафедрасы барлықтарыңызды ZOOM платформасында, идентификатор 694 118 6548, пароль 3H4XeG арқылы 2020 жылдың 30 мамырында сағат 11:00-де онлайн режимінде қатысуға шақырады.