2020 жылдың 30 сәуір күні, сағат 19.00-20.00 "COVID-19 және педиатриялық пациент: қауіпке бейім балалар туралы ойлаймыз" тақырыбында видеоконференция өтеді.

30.04.2020

Көрулер: 1697

2020 жылдың 30 сәуір күні, сағат 19.00-20.00
"COVID-19
және педиатриялық пациент: қауіпке бейім балалар туралы ойлаймыз" тақырыбында видеоконференция өтеді.

Қазақстанда, бүкіл әлемде сияқты, мектептердің жабық тұруы қанша уақытқа созылатыны туралы пікірталас жүріп жатыр. Көбінесе балаларға COVID-19 әсер етпейтіндігі айтылады. Алайда, соңғы мәліметтер балалардың клиникалық ауруға айналатын жаңа коронавирус жұқпасын жұқтыруы мүмкін екенін көрсетеді. Олардың клиникалық ауруы көбінесе ересектердегідей емес симптомдармен дамиды. Көбінесе балаларда ауру белгілері байқамайды, бірақ сонымен бірге олар жұқпаның қоздырғышы болып қала береді. Сонымен қатар, жаңа коронавирустық жұқпаға сезімтал балалар, мысалы, ішкі ағзаларды трансплантациялаудан кейінгі балалар немесе өкпе аурулары бар балалар туралы алаңдаушылық бар. Педиатриялық осал топтар үшін қауіпті мұқият бағалау мектептер ашу туралы ұтымды шешім қабылдауға және біздің келесі қадамдарымызға көмектесуі керек.
Біздің қонағымызхалықаралық танылған педиатриялық пульмонолог, генетикалық және сирек кездесетін өкпе аурулары бойынша сарапшы, Монреаль балалар ауруханасының балалар пульмонологиясы бөлімінің меңгерушісі, Муковисцидоз клиникасының Директоры, Нейробұлшықет клиникасының Директоры, Транплантациялық клиниканың штатты дәрігері, Канада торакальды қоғамының Ғылыми комитетінің Басшысы, МакГилл университетінің профессоры (Монреаль, Канада) Ларри С. Лэндс болады.
Алдымен біз COVID-19 және балалардың тұрақсыз бронх демікпесін, вирустық-асқынатын бронх демікпесін, орақ клеткалық анемия, жүйке-бұлшықет аурулары (Дюшенның бұлшық ет дистрофиясы, церебральды сал ауруы) және басқа созылмалы аурулар (диабеттің 1 типі, иммуносупрессия, т.б.) туралы соңғы деректерді талқылаймыз. Осыдан кейін біз профессор Лэндстен оның ауруханасы мен клиникаларында COVID-19 бойынша жүргізілген дайындық туралы білетін боламыз.
Спикерге қойылатын сұрақтарды, сондай ақ, видеоконференцияға тіркелу бойынша сұрақтарды мына адреске жіберулеріңізді сұраймыз: newck012@gmail.com, Туреханов Нуркен Даулетович, +77479057747
Біз оларды видеоконференция кезінде профессор Лэндспен талқылауға қуанышты боламыз.