АРНАЙЫ БЕЙНЕШЫҒАРЫЛЫМДАР: COVID-19 ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК САРАПШЫЛАРДЫҢ ПІКІРІ

15.04.2020

Көрулер: 1650

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық факультеті Канаданың (МакГилл университеті) және Германияның (Марбургтегі Филипп университеті) жетекші пульмонологтары, вирусологтары және эпидемиологтарымен бірлесіп, коронавирустың таралуын алдын-алу, оның диагностикасы мен емдеу тәжірибесі бойынша жетекші шетелдік сарапшылармен бірқатар видео сессиялар мен бейне сұхбаттар дайындады.

 

Дүниежүзілік COVID-19 пандемиясы мемлекеттер арасындағы практикалық тәжірибе мен жаңа ғылыми және технологиялық әзірлемелермен уақтылы алмасудың шұғыл қажеттілігін анықтады. Назарларыңызға «COVID-19 пандемиясы мен 2009 жылғы N1H1 салыстыру» тақырыбындағы алғашқы бейне материалды ұсынамыз, оны мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://drive.google.com/file/d/1C4D1WPFixXIpaHuc2uADwEVJ6j4ds1Sf/view?ts=5e9615fe

 

Келесі бейнешығарылымдар «COVID-19 және педиатрлық пациент», «COVID-19 кезіндегі иммунитет», «Карантин қашан көмектесе бастайды? Қытай, Германия, Канада және басқа елдердің мысалындағы регрессиялық талдау», «Германия, Канада және АҚШ-тағы жетекші клиникалар арасындағы COVID-19-ға диагностика жасау және емдеу хаттамаларын салыстыру», «Дәрігерлер мен мейірбикелерге сырқаттану қаупін азайту бойынша ұсыныстар», «COVID-19 кезіндегі тыныс алу жолдарының бұзылуының ерекшеліктері» атты тақырыптарға арналады.

 

Бейне материалдарды kaznu.kz сайтында және ҚазҰУ-дың әлеуметтік желілердегі аккаунттарында көруге болады.

 

www.kaznu.kz

«Сәлеметсіз бе! Адамдар жиі COVID-19 коронавирусының пандемиясына неге көп көңіл бөлінеді деп сұрайды? Біз үнемі тыныс алудың қауіпті ауруы болып табылатын тұмаумен ауырамыз. Жұқпалардың арасындағы айырмашылықты көру үшін, біздің жобамыздың авторларының бірі, профессор Нұрлан Дәулетбаев, H1N1 шошқа тұмауының пандемиясымен салыстырғанда, COVID-19 таралу модельдеріне талдау жүргізді. Біз осы талдаудың нәтижелерін бейне әңгімемізде ұсынғымыз келеді!»

https://www.facebook.com/100003069298777/videos/2826793080766307/?id=100003069298777