«Медицина» мамандығы бойынша магистранттар арасындағы ғылыми ринг

21.02.2020

Көрулер: 1680

26 ақпанда, сағат 17: 00-де, «Медицина» мамандығының магистранттары арасында «Science-Ring» кезектен тыс ғылыми сайысы өтеді. Өтетін орны - медицина факультеті (№2 аудитория).
         Қазылар алқасының құрамына факультеттің ғалымдары кірді: Калматаева Ж.А., Ошибаева  А.Е. және т.б.
         Турнир пікірталас түрінде бірнеше сатыдан өтеді. Әр топ өз кезегінде талқыланатын ғылыми мәселені қолдауда немесе теріске шығаруда өз дәлелдерін ұсынуы керек.
         Турнир тақырыбы маңызды мәселелердің бірі - эвтаназияға арналған.
Пікірталас академиялық сағат ішінде жалғасады. Ережеге сәйкес, командалар ұсынылған ақпаратты қорғауда дәлелді (ғылыми мақалаларға негізделген) дәлелдемелер ұсынады. Жеңімпаз екінші топтың немесе аудиториядан келген сұрақтарға жауап бере отырып, терең білім мен жылдам реакцияны көрсететін команда.
Барлықтарыңызды біздің шараның  көрермені немесе қатысушысы болуға шақырамыз!