«Қайырымды қоғам» челленджі

29.01.2020

Көрулер: 1552

2020 жылдың 29 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150- жылдығына арналған «Қайырымды қоғам» челленджін бастады. Әбу Насыр әл-Фараби "Қайырымды қала тұрғындары" трактатында "Адамдардың бірлесуінің мақсаты шыңайы бақытқа жету істерінде өзара көмек көрсететін қала, қайырымды қала болып табылады және бақытқа жету мақсатында адамдар бір-біріне көмек көрсететін қоғам, қайырымды қоғам болып табылады" делінген.  Осыған орай Біз ҚазҰУ қалашығының тұрғындары, өз еркімізбен қоғамға пайдалы, ізгілікті көздейтін, жақсылыққа бағыттайтын, мейірімділікке бастайтын қайырымды әрекет етеміз.Әр бір адамның жанын түсініп, көмек көрсетіп, бақыт сыйлап жатсақ бұл Біз үшін НҰР ҮСТІНЕ НҰР! Аталған челленджге 5000 астам ҚазҰУ студенттері қатысты.