CHILDCA проектісі
14.05.2019
Көрулер: 2014
Медицина және денсаулық сақтау факультеті Erasmus + бағдарламасының ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМДІ ЖАҚСАРТУҒА АРНАЛҒАН ҮЛГІ РЕТІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ КҮТІМІ САЛАСЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ- CHILDCA жобасында қатысуды бастады.
Жобаның мақсаты:
-Балалар мен жасөспірімдер арасындағы бала өлімі және ауруын төмендету үшін Орталық Азия елдеріндегі балалардың күтімін жаңа бағдарламалар мен оқытудың жаңа стратегиялары арқылы жақсарту.
Міндеттер:
-Балалардың күтімі бойынша дипломнан кейінгі білімді арттыруға арналған пайдаланушылардың қажеттіліктерін зерттеу және талдау;
-Еуропалық әріптестердің үздік тәжірибелері негізінде педиатрия, балалар хирургиясы және балалар нейропсихиатриясы саласындағы жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеу;
-Жаңа біріктірілген оқу бағдарламаларын өзектендіруге қатысатын академиялық персоналды оқыту;
-Серіктес жоғары оқу орындарының тиімді виртуалды өзара іс-қимылы және жоба қатысушыларын қашықтықтан оқыту үшін интерактивті алаң құру;
-Белгіленген стандарттар мен мақсаттарға (M&e Plan) сәйкес келетін жобаның нәтижелеріне кепілдік беретін үдерісті қамтамасыз ету (M&E Plan);
-Жоба нәтижелерін тарату және жариялау.
Күтілетін нәтиже:
-ЕО елдерінде осыған ұқсас қабылданған және сол нәтижелерге қол жеткізуге жұмылдырылған, педиатрия, балалар хирургиясы және балалар нейропсихиатриясы саласында мамандар даярлауда интеграцияланған кешенді тәсілге бағытталған жаңа оқу бағдарламаларын және оқытудың жаңа стратегияларын қалыптастыру;
-Жоба аяқталғаннан кейін бала өлімінің санын қысқартуға және Серіктес Елдер халқының арасында туу кезінде өмір сүру деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін тетікті қалыптастыру күтілуде.