Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сәуір айының 2-12 жұлдызы аралығында VI Халықаралық Фараби оқуларын өткізеді.

02.04.2019

Көрулер: 1969

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сәуір айының 2-12 жұлдызы аралығында VI Халықаралық Фараби оқуларын өткізеді.

2014 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әр түрлі бағыттағы өзекті ғылыми, саяси және әлеуметтік мәселелерді талқылайтын ашық алаң ретінде жыл сайынғы Халықаралық Фараби оқуларын өткізу дәстүрге айналған.

VI Халықаралық Фараби оқулары аясында мемлекет пен тұлғаны, қоғамды дамытудағы мәселелерді шешу үшін шетелдік және қазақстандық ғалымдардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған ірі халықаралық ғылыми іс-шаралар өтеді.

Фараби оқуларына Қазақстан университеттері мен жақын және алыс шет елдердің ғылыми мекемелерінің ғалымдары, оқытушылары мен студенттері қатысады.

5-6 апреля 2019 г.

Зертханалық медицина бойынша 1-ші Халықаралық Конгресс: «Клиникалық медицинадағы зертханалық диагностика: дәстүрлер және жаңалықтар»

Конференция жұмыстарының бағыттары:

  • •         Зертханалық диагностиканың клиникалық медицинадағы рөлі;
  • •         Зертханалық медицина, заманауи шақырулар;
  • •         Ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғаудағы зертханалық медицина;
  • •         Педиатрия, иммунология және аллерголологиядағы зертханалық медицина;
  • •         Қазақстанда вирустық гепатиттің диагностикасы бойынша талқылау.

Өткізілетін орны: әл-Фараби ғылыми кітапханасы.

Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Медицина және денсаулық сақтау факультеті. Калматаева Ж., тел. 8(727) 377 33 33;

ін.16-10;. Zhanna.Kalmatayeva@kaznu.kz