2019 ж.22 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы Ж. А. Калматаеваның әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры А. К. Хикметовтың қатысуымен факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамымен есептік кездесуі өтті.

22.01.2019

Көрулер: 2032

2019 ж.22 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы Ж. А. Калматаеваның әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры А. К. Хикметовтың қатысуымен факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамымен есептік кездесуі өтті.
Факультеттің 2018-2019 жылдың 1-ші жарты жылдығындағы қызметі туралы есепті талқылағаннан кейін 2-ші жарты жылдыққа арналған жұмыс жоспары, факультеттің даму әлеуеті мен болашағы анықталды.
Дәстүрлі түрде медициналық кадрлар Қазақстан Республикасында, посткеңестік кеңістіктегі көптеген елдерде сияқты мамандандырылған медициналық университеттерде оқытылады.Бірақ бүгінгі таңда технологиялық үдерістердің даму деңгейі мен ғылымның жетістіктері, диагностика мен емдеудің жаңа мүмкіндіктерінің пайда болуы молекулалық биология, биохимия, биофизика, био және нанотехнологиялар, биоинформатика, математика және басқа да ғылым салалары сияқты жаратылыстану және техникалық ғылымдар салалары бойынша пәнаралық білімді меңгерген медицина кадрларын және денсаулық сақтау мамандарын даярлауды талап етеді.Ал бұл өз кезегінде көпбейінді ЖОО-ның ресурстарын халықаралық қоғамдастықтың күшті ғылыми сүйемелдеуі мен  стратегиялық серіктестігін талап етеді.
Сондықтан, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстанның денсаулық сақтау және медицина жүйесін дамытуға өз үлесін қосуға және жақын болашақта өмір туралы ғылым саласындағы әлемдік деңгейге шығуға ұмтыла отырып, 15-ші факультет - медицина және денсаулық сақтау факультетін ашты.
Қазіргі таңда факультетте 387 студент, 65 ғылыми - педагогикалық бағыттағы магистрант, 114 бейіндік бағыттағы магистрант, оның ішінде 12 - 1,5 жылдық магистрант және 16 PhD-докторант білім алуда. Факультетте жаңа білім беру бағдарламалары, жаңа пәндер әзірленеді, бұл уақыт талаптарына, заманауи Денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сәйкес білім беруді жетілдіру қажеттіліктеріне негізделген.