№7 журнал клубының отырысы

21.01.2019

Көрулер: 1793

2019 жылы 19 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультетінде "ЖУРНАЛ КЛУБЫ"ғылыми үйірмесінің жетінші отырысы өтті. Отырыс қатысушылары кохлеарлы имплантанттарды орнатқаннан кейін балалар мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын бағалау және кохлеарлы имплантанттарды орнатқаннан кейін өмір сүру сапасының факторлары мен балалардың қарым-қатынас дағдыларының арасындағы ықтимал корреляцияларды бағалау бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері көрсетілген ғылыми басылымды талқылады. Ұсынылған ғылыми мақаланың күшті және әлсіз жақтарын анықтай отырып, медицина және денсаулық сақтау факультетінің оқытушылары білім алушыларға мәліметтер базасында ғылыми жарияланымдар іздеу, өз мақалаларын жазу, өз зерттеулерін ұйымдастыру және т. б. жөнінде құнды ұсыныстар берді. Зерттеушілердің ғылыми әдебиеттерді зерттеуі белгісіз және жаңа білім алуға ғана емес, сонымен қатар ғалым өзінің зерттеулері арқылы адам қоғамында  білімдегі олқылықтарды  анықтауға да ықпал ете алады.