Гигиена және эпидемиология бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтаудың жаңа жағдайында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау» I Қазақстандық Олимпиадасы

12.04.2018

Көрулер: 3981

 «Гигиена және эпидемиология бойынша I Қазақстандық Олимпиаданың» қорытындысы



2018 жылдың 10-сәуірінде гигиена және эпидемиология бойынша I Қазақстандық Олимпиаданың III-кезеңі өтті және 3 кезең бойынша қорытындысы шығарылды. Үшінші кезеңге 6 студент қатысты. 

Қатысушылардың баяндамаларын төрешілер тыңдап, бағалады:

1. Амангелдинова Дамира, Семей қаласы ММУ ҚДС мамандығының 4 курс студенті. Баяндама тақырыбы: «Cемей қаласындағы жалпы білім беру мектептері мен гимназияларындағы оқу үрдісінің тәртібіне салыстырмалы баға беру».

2. Урумжанова Сымбат, Семей қаласы ММУ ҚДС мамандығының 4 курс студенті: Баяндама тақырыбы: «Изучение фактического питания и пищевого статуса студентов».

3. Шлюмбаев Нурлан, Қарағанды ММУ ҚДС 4 курс студенті. Баяндама тақырыбы: «Гигиенические аспекты условий труда работников горнорудной промышленности».

4. Байназарова Айнұр, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ҚДС 4 курс студенті: Баяндама тақырыбы: «Медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің денсаулық жағдайларына тамақтану сипатының әсерін бағалау».

5. Қадыр Ақерке, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ҚДС 4 курс студенті: Баяндама тақырыбы: «Қазақстан Республикасында жұқпалы ауруларды иммундаудың өзекті мәселелері».

6. Шыңғысхан Айжан, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ҚДС 4 курс студенті: Баяндама тақырыбы: «Қазақстан Республикасында туберкулез жұқпасының сырқаттанушылығына баға беру».

3-кезең бойынша 1-орынды Шлюмбаев Нұрлан иеленді.

3-кезеңнің нәтижесі:

1.         Шлюмбаев Нурлан – 57,71 б.

2.         Кадір Акерке -  55,52 б.

3.         Амангелдинова Дамира – 52,33 б.

4.         Байназарова Айнур – 50,25 б.

5.         Урумжанова Сымбат – 49,56 б.

6.         Шынгысхан Айжан – 49 б.

       3-кезеңнің қорытындысы шыққаннан кейін Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті қатысушылардың орташа балын есептеп, қорытынды жасады. Қорытынды нәтижесі келесідей болды:

1.         Кадір Акерке -  115 б.

2.         Шлюмбаев Нурлан – 107,35 б.

3.         Урумжанова Сымбат – 99,78 б.

4.         Байназарова Айнур – 96,5 б.

5.         Амангелдинова Дамира – 96,2 б.

6.         Шынгысхан Айжан – 96 б.

Қорытындылай келе, жеңімпаздар анықталды.

I дәрежелі дипломмен келесі студенттер марапатталды:

1.         Қадыр Ақерке, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

2.         Шлюмбаев Нурлан, Қарағанды Мемлекеттік медицина университеті ММУ.

II дәрежелі дипломмен Семей қаласы ММУ студенті Урумжанова Сымбат марапатталды.  

III дәрежелі дипломмен С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенті Байназарова Айнұр марапатталды.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға сертификаттар мен бағалы, естелік сыйлықтар берілді. 

3-кезең қатысушыларына эпидемиология және гигиена кафедрасының ұйымдастыруымен  «Тұрғындар денсаулығының қоршаған орта факторларымен себеп-салдарлық байланысы», оқытушы Г.А. Арынова және «Эпидемиологиядағы картография және статистика әдістері», оқытушы З.А. Сагиев, тақырыбындағы  шебер-кластар ұйымдастырылды.  11.04.2018 ж. 10.00-12.00 уақыт аралығында Олимпиада қатысушыларына Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама ғылыми орталығына саяхат ұйымдастырылды.   

Олимпиаданы ұйымдастырушылар, эпидемиология және гигиена кафедрасының ұжымы Семей Мемлекеттік медицина университетіне, Қарағанды Мемлекеттік медицина университетінің, С.Ж. Асфендияров атындығы ҚазҰМУ басшылығына, ғылыми жетекшілеріне және барлық Олимпиаданың қатысушыларына алғыс білдіреді.  

 

Гигиена және эпидемиология бойынша 1-ші Қазақстандық Олимпиаданың II кезеңнің қорытындысы

 2018 жылдың 10 наурызында екінші кезеңнің қорытындысы шығарылды. Олимпиаданың 2-кезеңіне 13 студент қатысты, олар:

-С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті;

-Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университеті;

-Семей мемлекеттік медицина университеті;

- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;

 

Екінші кезеңнің жеңімпаздары:

  1. Байназарова Айнұр Қалдыбекқызы - С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ;
  2. Бахтин Рита Алексеевна - КMМУ
  3. Қадыр Ақерке Мұратқызы - КазҰУ
  1. Шлюмбаев Нурлан Кабдишевич - КMМУ
  2. Урумжанова Сымбат Талгатовна - СММУ
  3. Амангелдинова Дамира Құсманқызы - СММУ
  4. Шыңғысхан Айжан Ерланқызы – КазҰУ

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

2-кезеңнен өткен қытысушылар 1-сәуірге дейін кафедраның электрондық поштасына, ephykaf@gmail.com, эпидемиолоия және гигиена саласы бойынша өзіндік ғылыми жұмыстары бойынша мақала немесе тезис жібереді.  

Конференцияға баяндамашыларды таңдауды олимпиада жюрилері 4-сәуірге дейін мәселенің маңыздылығына және мақаланың дұрыс ережеге сай жазылуына сараптама жүргізілгеннен кейін барып, анықталады. («Ғылыми жұмыстарды жариялау тәртібі» олимпиада сайтында   http://www.kaznu.kz/kz/19026/page берілген).  

 

  2018 жылдың 11 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің медицина факультетінің базасында «Гигиена және эпидемиология бойынша 1-ші Қазақстандық Олимпиада» ІІІ кезеңі өтеді. 

Сіздерге сәттілік тілейміз!

Барлық сұрақтар бойынша 8 (727) 2211615 (14) байланыс телефондары, ephykaf@gmail.com поштасы және f "Epidemiology, hygiene"   парақшасы арқылы хабарласуыңызға болады.

 

 

2018 жылдың 3 наурызында «Гигиена және эпидемиология бойынша I Қазақстандық олимпиада» өтті, бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылды. Олимпиадаға 46 студент қатысты, олар:

-С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті;

-Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университеті;

-Семей мемлекеттік медицина университеті;

     - Ахмет Яссауи университеті;

-Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті;

- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;

Бірінші кезеңнің жеңімпаздары:

  1. Байназарова Айнұр Қалдыбекқызы - С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінен;
  2. Мурзагулов Нурымжан Абаевич - КMМУ
  3. Бахтин Рита Алексеевна - КMМУ
  4. Шлюмбаев Нурлан Кабдишевич - КMМУ
  5. Дандыбаева Асель Куатовна - СММУ
  6. Амангелдинова Дамира Құсманқызы - СММУ
  7. Габдуллина Дана Ришадовна - СММУ
  8. Муратканова Гульдана Слямканова – СММУ
  9. Урумжанова Сымбат Талгатовна - СММУ
  10. Қызайбекова Қымбат Ерғалиқызы – КазҰУ
  11. Шыңғысхан Айжан Ерланқызы - КазҰУ
  12. Омарходжаева Айдана Қайратқызы - КазҰУ
  13. Қадыр Ақерке Мұратқызы - КазҰУ

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

   «Гигиена және эпидемиология бойынша I-ші Қазақстандық олимпиаданың» ІІ-нші кезеңі 2018 жылдың 10 науырызында өтеді.

Сіздерге сәттілік тілейміз!

Барлық сұрақтар бойынша 8 (727) 2211615 (14) байланыс телефондары, ephykaf@gmail.com поштасы және f "Epidemiology, hygiene"   парақшасы арқылы хабарласуыңызға болады.

 

Гигиена және эпидемиология   бойынша  республикалық деңгейде өтетін

I-нші Қазақстандық  Олимпиадасына шақыру   

 

  Талантты  студенттерді анықтау және оларды қолдау, ғылыми жұмыс бағыты бойынша  қызығушылықтарын  арттыру мақсатында әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық Университеті  Қазақстан республикасының  медициналық жоғарғы оқу орындарында білім алатын  Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының  (бұрында «Медико-профилактикалық іс») 4,5 курс студенттердің арасында   Гигиена және эпидемиология  бойынша  «Қоғамдық денсаулық сақтаудың жаңа жағдайында  мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау»  тақырыбында өтетін  I Қазақстандық  Олимпиадасын   жүргізеді. Олимпиада коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тағамтану гигиенасы, еңбек гигиенасы және эпидемиология  профильдік пәндері бойынша жүргізіледі.

Олимпиада  үш кезеңнен тұрады:

        03 наурыз 2018 ж. 1 кезең  сағат 11:00 - 14 :00 ге дейін – on-line режимінде  тестілеу; келесі кезеңге өту -80 бал. 

        10 наурыз 2018 жкезең - on-line режимінде бизнес-кейс шешукелесі кезеңге өту -80 бал. 

        10 сәуір 2018 ж.    3 кезең –студенттер мен жас ғалымдар арасында өтетін «Фараби Әлемі» V халықаралық ғылыми конференцияда медициналық секциясында ғылыми баяндама жасау; 

3-нші кезеңнің қатысушыларына ҚазҰУ жатақханасынан орын тегін беріледі.  Қатысушыларға Олимпиадаға қатысқандығы жөнінде сертификаты, студенттер мен жас ғалымдар арасында өтетін «Фараби әлемі» ғылыми конференциясының сертификаты мен Шебер-кластарға қатысқандығы жөніндегі сертификаттар беріледі;

  Олимпиада қатысушыларына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің эпидемиология және гигиена кафедрасында «Тұрғындар денсаулығының қоршаған орта факторларымен себеп-салдарлық байланысы» және «Эпидемиологиядағы картография және статистика әдістері» тақырыбындағы  шебер-кластар  тегін   өткізілетін болады.

 Олимпиада жеңімпаздары I,II,III дәрежелі  дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.  

Қатысушыларға 11 сәуір 2018 ж Қазақстан  республикасы  Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама  және  мониторинг ғылыми-практикалық орталығы мен «Медеу» мұз айдынына саяхат жасау ұйымдастырылады.

 Барлық сұрақтар бойынша мына байланыс телефоны 8(727) 2211615(14) және  ephykaf@gmail.com поштасы мен әлеуметтік  желі facebook «Epidemiology, hygiene» парақшасы арқылы хабарласуға болады.

 Студентті тіркеу     

Олимпиада туралы ереже 2018      

Ғылыми жұмыстарды жариялау тәртібі