«Есік Көліне» саяхат

11.06.2019

Көрулер: 2554

Демалыс күні метеорология мамандығының 1 курс студенттерімен “Салауатты дене мәдениеті” бағдарламасы аясында “Есік көліне” саяхат жасадық. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында, Есік қаласынан оңтүстікке қарай 17 км-дей жерде, Іле Алатауының теріскей баурайындағы әсем шатқалдардың бірі Есік шатқалында, теңіз деңгейінен 1759 м биіктікте орналасқан. Көл шамамен 8–10 мың жыл бұрын тау жыныстарының тектоникалық ығысуынан пайда болған. Демалуга ең ыңғайлы айлар шілде, тамыз, қыркүйек, Есік көліне жылдың әр мезгілінде баруға болады. Судың түсі ауа райына байланысты өзгеріп тұрады. Суы – мөлдір әрі көгілдір түсті, Есік көлінің суы жаңбыр жауса біраз уақыт қоңырқай тартып, кейін өз қалпына қайта келеді.