«Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері»
Көрулер: 1587
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасы 2021 жылы 29 қаңтарда тарих ғылымдарының докторы, профессор Дина Исабаевна Дулатованың туғанына 90 жыл толуына орай «Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференция мақсаты – Дина Исабайқызының отандық тарих ғылымы мен тарихнамасының дамуына қосқан үлесін және қазіргі кезеңдегі отандық тарих ғылымының өзекті мәселелерін талқылау болып табылады.
Конференцияға қосылу Zoom
https://us02web.zoom.us/j/8313716923?pwd=U3g2NzZXK0tJdmREYjNYYXdScWVOQT09
Конференция идентификаторы: 831 371 6923
Кіру коды:802233
Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Бас оқу ғимараты 3, каб. 4-4, Қазақстан тарихы кафедрасы. Тел.: +7 (727)3773338 (вн. 12-86), 87023966606 – Маликов Бахытжан Усенұлы, e-mail: kafedra.kaz@gmail.com
Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих, археология және этнология факультеті, Ғылыми кеңес залы (404 ). Басталуы: сағ.11.00.