«Батыс Еуропа кітапханалары: тарихы және қазіргі жағдайы».

15.01.2021

Көрулер: 1551

Тарих, архелогия және этнология факультетінің «Жас мұрағатшы» және «Мұратану» клубтарының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 15- қаңтарында «Батыс Еуропа кітапханалары: тарихы және қазіргі жағдайы» тақырыбында Кембридж университетінің түлегі, Абердин университетінің профессоры, PhD докторы, аталған университет кітапханасының ғылыми қызметкері Питер Джеорджпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында батысевропалық кітапханалардың жұмыс жасау ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, ақпараттарды іздестіру мәселелері студенттер тарапынан қызығушылық тудырды.

Ұйымдастырушылар: Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының доценті Г.Е. Сабденова, профессор Р.С. Мырзабекова, доцент Т.Н. Мухажанова.