Кітапхана біздің ортақ Ұлы Жеңісімізді еске алатын тарихи орын ретінде !

14.01.2021

Көрулер: 1615

2020 ж. 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы М.И. Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті Кітапханасымен (Мәскеу қ.) бірлесіп "Цифрлық ортадағы білім беру жобалары: мектептер мен кітапханалардың серіктестігі" (Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай) Дөңгелек үстел өткізді.

Біздің мәскеулік серіктестеріміз "Кітапханалар - Жеңіс куәгерлері" халықаралық желілік ресурсын ұсынды (https://victory.libfl.ru/home) Ресей, Қазақстан, ТМД мен ШЫҰ-ның басқа да елдерінің ұлттық кітапханалары қорларының материалдарында жарияланған.

Кітаптардан, баспа жұмыстарынан, Ұлы Жеңіске куә болғандардың естеліктерінен алынған деректі дәлелдер осы бірегей жобаның мазмұнына негіз болды.

Дөңгелек үстел барысында еліміздің мектептері мен жоғары оқу орындарының түрлі білім беру цифрлық жобалары ұсынылды. Т. ғ. д., профессор С. Жакишева "Қазақстан тарихы. 10 сынып" және "Қазақстан Республикасының электрондық мұрағаты" сандық ресурстарды көрсетті. "Фронт/тыл: Екінші дүниежүзілік / Ұлы Отан соғысының Қазақстан мен Ресей тарихындағы гендерлік аспектілері" халықаралық жобасы туралы Т.ғ. д., профессор Р. Жарқынбаева айтып берді.

Т.ғ.д., профессор С.А.Жакишева