IV қалалық студенттік олимпиада

12.04.2019

Көрулер: 2313

2019 ж. 12 сәуірде ҚР Президентінің Архивінде IV қалалық студенттердің пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиада Жастар жылы және «Архив – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілді және мақсаты  студенттердің шығармашылық қабілетімен қатар, архившы және құжаттанушы мамандығының маңыздылығын арттыруға бағытталған.

Олимпиаданың ашылуы рәсімін әл-Фараби ат. ҚазҰУ оқу ісі жұмыс жөніндегі проректор А.Қ. Хикметов және ҚР Президент Архивінің директоры Ж.Ү. Әбдіқадырова ашты.

Олимпиадаға әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Абай ат. ҚазҰПУ студенттерінен құралған 6 команда қатысты. Олимпиада екі турдан тұрды: 1) «Таныстыру», студенттер команданың атауы, ұраны мен эмблемасын таныстырды; 2) «Үй тапсырмасы» деп аталатын екінші турда студенттер

«Ұлы даланың жеті қыры» және Отан тарихы мәселелері,

«Архив ісін және іс жүргізуді цифрландыру: проблемалары мен перспективалары» атты ғылыми бағытта дайындалған жобаларын қорғады.

IV қалалық студенттердің пәндік олимпиадада бойынша нәтижелері:

1 орын Қазақ ұлттық университетінің «Қазына» командасына берілді. Сондай-ақ, «Smart students» командасы «Ең үздік танытылым» номинациясымен, «Прометей» командасы «Өзекті тақырып» номинациясымен, «Асыл мұра» командасы «Инновациялық тақырып» номинациясына ие болды. 

Олимпиада жұмысын сараптау комиссия құрамында болған Әкімшілік және ақпараттық технологиялар институты, ҚР Орталық мемлекеттік архиві, ҚР Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалар архиві, ҚР Орталық мемлекеттік Ғылыми-техникалық құжаттама архиві, Алматы қ. Орталық мемлекеттік архивінің қызметкерлері өз әділ бағаларын берді.

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және дерекатану кафедрасы - Алпысбаева Н.К., Дүйсенбекова Ж.К.