"Ашық есік күні"

20.04.2019

Көрулер: 1843

Аталмыш іс-шара "Білікті маман ұлт келешегі" деген тақырыпта өтіп, кездесу барысында жас түлектер Халықаралық құқық мамандығы туралы керекті де қажетті ақпараттармен таныса алды. Халықаралық құқық мамандығы қызығы мен қиындығы қатар жүріп, әділдік жолында адалдықпен халқына қызмет жасағысы келетін әрбір болашақ заңгердің үлкен өмірге қадам басуына зор мүмкіндіктер сыйлайды. Бүгінгі іс-шара кафедрасының тәжірибесі мол, тағылымы терең оқытушыларының арқасында әр жеткіншектің санасына мамандық таңдауда жаныңа жақын саланы таңдауды, ең біріншіден, мамандығыңнан жаңылыспауды ұялата білді. Сонымен қатар, бұл мамандықты таңдау аса маңызды жауапкершілікті қажет етеді. Халықаралық қатынастарды реттейтін, әлемдік деңгейдегі стандартқа сай жан-жақты жетілген, бәсекеге қабілетті заңгер болам десеңіз Халықаралық құқық мамандығын таңдауға кеңес береміз!