Профессор Н.Х. Калишеваның қонақ дәрісі
17.04.20232023 жылдың 17 сәуірінде ҚР ІІМ М. Букенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен біліктілікті арттыру курсында білім алып жүрген учаскелік полиция инспекторларына онлайн режимде Конституциялық және әкімшілік құқық саласындағы білікті маман, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Калишева Нажия Хусаиновнаның «Конституциялық реформа: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың қазіргі кезеңдегі трансформациясы» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.