«БИОАЛУАНТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ АСПЕКТІЛЕРІ»

26.11.2021

Көрулер: 2449

2021 жылдың 26 қараша күні биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының құрметті мүшесі, ҚазҰЖҒА академигі Мухитдинов Наштай Мухитдинұлының 80 жылдығына және Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «БИОАЛУАНТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ АСПЕКТІЛЕРІ» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияның ашылу салтанатында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі Проректоры, ф-м.ғ.д., профессор, академик Рамазанов Тлеккабул Сабитович құттықтау сөз сөйлеп, академик Наштай Мухитдинұлына білім мен ғылымның дамуына қосқан айрықша үлесі үшін «әл-Фараби атындағы үлкен алтын медалін» және университетке сіңірген елеулі еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісін табыстады.

Халықаралық конференцияға Венгрия елінің Будапешт және Дебрецен қалаларының ғалымдары, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Қарағанды, Көкшетау, Талдықорған қалалары, сонымен қатар Алматы қаласында орналасқан ғылыми зерттеу институттары мен жетекші университеттерінің ғалымдары арнайы келіп қатысты. Пленарлық отырыста 7 баяндама тыңдалды: Gabor Sramko – б.ғ.д., Дебрецен университетінің профессор, Дебрецен Венгрия; Maria Hohn – б.ғ.д., Венгрия ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары университетінің, ботаника факультетінің профессоры, Будапешт, Венгрия; Ситпаева Гульнара Токбергеновна - б.ғ. д., ҚазҰЖҒА академигі, Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры, Алматы; Иманбаева Ақжүніс Алтайқызы- б.ғ.к., Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағының бас директоры, Ақтау; Иващенко Анна Андреевна б.ғ.к., Зоология институтының жетекші ғылыми қызметкері, Алматы; Туруспеков Ерлан Кенесбекович - б.ғ.к., профессор, Өсімдіктер биологиясы және Биотехнологиясы институты, молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі, Алматы, Ишмуратова Маргарита Юлаевна - б.ғ. к., Академик Е. А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің қауымдастырылған профессоры, Қарағанды. Секциялық баяндама барысында Ресей мен Украина ғалымдары баяндама жасады. Конференция соңында үздік баяндама жасаған қатысушылар I, II және III дәрежелі дипломмен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Биология және биотехнология факультетінің деканы, б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Заядан Болатхан Қазыханұлы мен биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор Курманбаева Меруерт Сакеновна конференцияны жоғары деңгейде жүргізді. Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы конференция қатысушыларына және ұйымдастырушыларға алғысын білдіреді.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz