АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР

08.10.2020

Көрулер: 1507

Нуркенов Туленды, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биология және биотехнология факультетінің, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының докторанты, (ғылыми жетекшісі - Шалахметова Тамара Минажевна - б.ғ.д., профессор) Чикагодағы Иллинойс (Чикаго, АҚШ) университетінде бір жылдық ғылыми тағылымдамадан өтті.      

         2018 жылы мақсаты кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау саласындағы әлемдік жетекші білім беру, ғылыми және өндірістік ұйымдардың әлеуетін пайдалану, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылатын гранттық бағдарламалар конкурсына қатысты және Дүниежүзілік Банктің гранты бойынша биомедициналық және медициналық зерттеулер саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын АҚШ-тың Чикагодағы Иллинойс университетінде (University of Illinois at Chicago) әлемдік жетекші білім беру және зерттеу орталықтарының бірінде жылдық тағылымдамадан өтуге тамаша мүмкіндік алды. Тағылымдама доктор J. Lee жетекшілігімен елдің ең ірі және жетекші медициналық мектептерінің бірі болып табылатын инженерия және медицина колледжінің құрамына кіретін, жасушалық, ұлпалық, нейрондық инженерия, биоинформатика, биомедициналық визуализация, биомеханика және биомолекулалық инженерия саласында дәстүрлі түрде мықты болып табылатын биоинженерия департаментінің зертханасында өтті.

         Жетекші университеттердің бірінде тағылымдамадан өту докторанттың ғылыми ой-өрісін едәуір кеңейтуге, бірқатар жаңа зерттеу әдістемелері мен дағдыларын игеруге мүмкіндік берді, белгілі ғалымдардың басшылығымен және ұжымында әртүрлі зерттеу объектілері мен дизайны бар заманауи жабдықтарда жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ жалпы таным мен ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, теориялық та, практикалық та дағдыларды игеруге және жақсартуға мүмкіндік берді, ал тілдік ортада болу, тіл иелерімен, түрлі елдердің зерттеушілерімен қарым-қатынас жасау тілдік дағдыларды жақсартуға мүмкіндік берді.

 


Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz