"5В070100-БИОТЕХНОЛОГИЯ" МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

05.04.2020

Көрулер: 1668

2020 жылдың 27 наурызында әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті биотехнология кафедрасының базасында Жоо студенттері арасында "5В070100 - Биотехнология" мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиада қашықтықтан Zoom платформасында бейнеконференция форматында өтті. "Биотехнология" мамандығы бойынша қашықтықтан өткізілген олимпиадаға республиканың  7 ЖОО-нан 13 команда қатысты.

Биология және биотехнология факультетінің студенттері мен командалары жүлделі орындарға ие болды!!!

 

I дәрежелі диплом - "Рудимент" командасы - Ведяшкина Наталья, Умбетова Линара, Кокшаров Дмитрий

Ғылыми жетекшісі - Игнатова Людмила Викторовна 

 

II дәрежелі диплом - "LabMasters" командасы - Заманова Зере, Худайбергенова Айнура, Ержан Арайлым

Ғылыми жетекшісі - Бауенова Меруерт Өмірбайқызы

 

III дәрежелі диплом - «B.cereus» командаcы - Сағынбай Шыңғысхан Ерболатұлы, Ернайманова Бота, Райдинова Амина Тахиржановна

Ғылыми жетекшісі -  Омирбекова Анель Адилевна