Шығыстың ғұламасы – Әбу-Насыр әл-Фараби

02.04.2020

Көрулер: 1433

5 наурыз 2020 жылы биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасында ғалым-философ Әбу Насыр Әл – Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Шығыстың ғұламасы – Әбу-Насыр әл-Фараби» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шарада күллі түркі жұртының мақтанышы, ғалым-философ Әбу Насыр Әл – Фарабидің өмір жолдары туралы бейнежазба көрсетіліп, студенттердің арасында топтық жұмыс орындалды. Шара барысында 3 курс студенті Серік Алтынай Мухатр Шахановтың «Арман» атты өлеңін мәнерлеп оқыды.

Аталған іс-шараны биофизика және биомедицина кафедрасының доценті Абылайханова Н.Т. және кафедра оқытушылары Есенбекова А.Е., Сайдахметова А.Қ., Үсіпбек Б.А. ұйымдастырды.