КАТАР РЕСПУБЛИКАСЫ ДОХА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСҚАН ЖАС ЗООЛОГ

19.03.2020

Көрулер: 1485

Бижанова Назерке, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы және Зоология Институтының кіші ғылыми қызметкері, қазіргі уақытта, PhD докторант, Катар Республикасы, Доха қаласында өткен Doha Islamic Youth Forum 2019 халықаралық форумына қатысты. Форум үш тақырыпқа арналды: Басқару, Тұрақты даму және Әлеуметтік желілерді пайдалану. Форумда өткен пікірталастарда Назерке Қазақстандағы жас ғалымдар кездестіретін мәселелер туралы және бұл проблемалар форум аясында талқыланатын мәселелермен тікелей байланысты екенін айтты.

Назерке мұндай үлкен шараға қатысып, өз елін, Қазақстанды таныстыру ол үшін үлкен мәртебе екенін айтты. Форумға қатысу үшін 9 600 үміткерден 57 OIC елдерінің 90-ға жуық қатысушы іріктеліп алынды.

«Біз тиімді басқару, тұрақты дамудың мақсаттары мен жастардың білім беру мен оқудағы мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік желілерді пайдалану сияқты маңызды мәселелерді талқыладық. Іс-шаралар сарапшылардың дәрістерінен басталды, одан кейін барлық қатысушылар ми шабуылына арналған сессиялар мен пікірталастарға қатысты. Семинарлар өте қызықты ұйымдастырылды, онда біз алдында айтылған маңызды мәселелерді шешу идеяларын ұсындық.

Форумның үшінші күні Мәдениет және спорт министрі келіп, бізбен пікірталас өткізді.

Организаторлар бізді Ұлттық кітапханаға, әйгілі Aspire спорт академиясына, Ұлттық мұражайға және Қатар Республикасының Орталығына бару секілді жерлерге апарып, Қатар мәдениетімен таныстырды. Мен Қатар Ресупбликасында бірінші рет барып тұрмын, және оның астанасының инфрақұрылыммен, ерекше және кең ғимараттармен, қалада тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудың мысалдарымен таңқалдым, әрі бастысы – осы шараны ұйымдастырушылардың қонақжайлылығымен ризамын».

«Соңғы екі күнде ICYF және Катар Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған OIC модельдік саммитіне өз үлестерімізді қостық деп ойлаймын. Мен осы форумда кездестірген барлық қатысушыларға жақсылық тілеймін және біз тағы да кездесеміз деп сенемін», - деді Назерке.

Назерке Бижанованың пікірінше, форумның барлық қатысушылары қабылдаған көптеген шешімдер Қазақстанда қолданылуы керек, және ол бұған қол жеткізу үшін, атап айтқанда тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау саласында қол келгенше көп жұмыс жасауға тырысады.