Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары

30.11.2019

Көрулер: 82

29 қараша 2019 жылы Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында студенттерге дәріс өткізілді. Биология және биотехнология факультетінің оқытушылары "Желтоқсан жұлдыздары" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мустафина Гүлмира Баятқызымен таныстырды.

Дәрістің мақсаты: студенттердің бойында тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі туралы, отансүйгіштікке, бейбітшілікке, ұлттық келісім мен көшбасшылық қасиеттерді дамытуға тәрбиелеу.

Гүлмира Баятқызы Ұлт көшбасшысының еліміздің қалыптасу жолында қандай зор үлес қосқанын айтып өтті. Н. Ә. Назарбаев біздің еліміздің Тұңғыш Президенті өз халқына қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылатын әлемдік деңгейдегі көрнекті саясаткер ретінде егеменді Қазақстанның барлық жетістіктері есімімен байланысты адам ретінде тарихқа мәңгі енді.

Студенттер Тұңғыш Президент күніне арналған қызықты дәрісті мұқият тыңдады. Кездесу соңында Гүлмира Баятқызына алғыс айтып, халықтар мен жастар мәселелерін шешуде сәттілік тіледі.