Наурыз мейрамын атап өтті!
Көрулер: 1823
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Наурыз мейрамын атап өтті! Дипломатиялық корпус және халықаралық ұйымдар өкілдерімен бірге алма бағы отырғызылды. Ауқымды шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдық және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі ережелеріне арналды.
Студенттер сарайының алдында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының желісінде музыкалық-театрландырылған қойылым болды. Университеттің шығармашылық ұжымы қазақ даласындағы ұлы жетістіктерді көрсетті, атап айтар болсақ атта жүру мәдениеті, ежелгі металлургия және аң стилі, Алтын адам және Ұлы Жібек жолы, Қазақстан түркі әлемінің бесігі – ұлы ойшылдар мен ғалымдарды және алма ағаштары мен қызғалдақтар отаны атты қойылымдар шеруі көрсетілді. Жиналған көпшілік қауымға «Тұсау кесер», «Шашу», «Қыз ұзату», және т.б. қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері көрсетілді. Осынау бір керемет қойылым керуен шеруімен және Қыдыр-атаның бата сөздерімен аяқталды!
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы
www.kaznu.kz